Меню

Страницы

Статья

Қызылжар ауданы

Қызылжар ауданы Солтүстiк Қазақстан облысының солтүстiк бөлiгiнде орналасқан және аудан облыстың оңтүстiгiнде Есiл ауданы, батысында — Мамлют ауданы, шығысында — Аққайың және Мағжан Жұмабаев аудандарымен шекараласады. Аудан аумағының жалпы көлемi6,15 мың шаршы км құрайды. Халық саны — 44714 мың адам, олардың iшiнде жұмыспен қамтылғаны16 378 мың адам.

Әкiмшiлiк орталығы — Бескөл ауылы,облыс орталығы, Петропавл қаласынан 10 км қашықтықта орналасқан.

Аудан аумағына 72 елдi-мекен кiредi. Ауданда 304 ауылшаруашылық құрылымдары (соның iшiнде: 60 ЖШС, 238 шаруа қожалықтары мен фермерлiк қожалықтар, 5 мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар және бiр командиттiк серiктестiк), 3 автокөлiк кәсiпорны, 78 өндiрiстiк сипаттағы қызметтер көрсететiн кәсiпорындары, сондай-ақ 41 мәдени-демалу орындары бар. Орталық және басқа да демалыс орындарын дамыту үшiн бiрқатар жағдайлар жасалған.

Аудан экономикасының маңызды секторы ауыл шаруашылығы өндiрiсi, агроөнеркәсiп, шағын және орта бизнес болып табылады.

Аудан аумағында 26 автобус маршруты (облыс iшiнде — 8, қала маңында — 13, аудан iшiнде — 4) ауданның барлық елдi мекендерiн қамтитын жолаушылар тасымалын ұйымдастырылған. Ауданда 60 мектепке дейiнгi бiлiм беру мекемесi (5 бала-бақша, 55 шағын орталық), 47орта жалпы бiлiм беру мектептерi, 1 кәсiби бiлiм беру мекемесi, 7 мектеп-интернаты (казақ, орыс немесе аралас тiлдерде оқытатын) бар.

Аудан тұрғындарына медициналық көмектi аудандық орталық ауруханасы көрсетедi және 10 фельдшер-акушерлiк пунктi жұмыс iстейдi. Ауданда 5 қонақ үйi қызмет атқарады.

Аудан облыстық маңызы бар екi бағыттағы автокөлiк жолының қиылысында орналасқан, олар: Астана-Жезқазған жолдары. Аудан аумағы бойынша республикалық тас жол өтедi.

Ауданның визиткарточкасына оның табиғаты, ормандары, «Есiл» өзенi, арналар, Бескөл ауылындағы демалыс саябағы, Ұлы Отан соғысы аллеясы, «Жас Ұрпақ» саябақтары кiредi.

Жеке қосалқы шаруашылығын жүргiзу үшiн, өндiрiс мақсатына және тұрғын үй салуға жер учаскелерiн беру мүмкiндiгi бар.

Ақпарат алу үшiн мына телефондар бойынша жүгiнiңiздер:

Қызылжар ауданының әкiмi: 8(71538)2-12-01

Қызылжар ауданы әкiмiнiң орынбасары: 8(71538)2-15-20

Қызылжар ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының директоры: 8(71538)2-27-04

Қызылжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң басшысы: 8(71538)2-16-50

Қызылжар ауданының жер қатынастарының бөлiмiнiң басшысы: 8(71538)2-20-48

Қызылжар ауданының ТКШ бөлiмiнiң басшысы: 8(71538)2-15-13

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы