Меню

Страницы

Статья

Мағжан Жұмабаев ауданы

Солтүстiк Қазақстан облысының Солтүстiктен-Шығыс бөлiгiне орналасқан. Аудан РФ-ның Омбы және Түмен облыстарымен, оңтүстiгiнен Солтүстiк Қазақстан облысының Тайынша және Ақжар аудандарымен, батысынан Аққайын және Қызылжар аудандарымен шекаралас. Аудан аумағының жалпы көлемi — 7,81 мың шаршы км. Халық саны — 31,6 мың адам, олардың iшiнде жұмыспен қамтылғаны 19,6 мың адам.

Әкiмшiлiк орталығы — Булаев қаласы, облыс орталығы Петропавл қ. 106 км. қашықтықта орналасқан.

Аудан аумағына 69 елдi-мекен кiредi.

Ауданда 340 ауыл шаруашылығымен айналысушылар, 60 — ЖШС; ШҚ және ФШ — 280,2 жол шарушылығының кәсiпорны, 5 автокөлiк кәсiпорны, 64 мәдени-орындарықызмет атқарады.

Аудан экономикалық маңызды секторы өсiмдiк шаруашылығы болып табылады, онда ауыл шаруашылықты қолдауы бойынша мемлекеттiк бағдарламаларбелсендi жүзеге асырылады. Барлық үмiткерлер «Бизнестiң Жол картасы», мал шаруашылығын дамыту бойынша «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» мемлекеттiк бағдарламасынақатыса алады.

Осы сала бағытының басымдылығы болып әрi қарай егiн өндiру және астық алу болып табылады, ол ауыл экономикасының негiзiн нығайтады.

Аудан аумағында 14 автобус маршруты ұйымдастырылған, ауданның барлық елдi мекендерiнде жолаушылар тасымалы қамтылған.

Ауданда 47 мектепке дейiнгi бiлiм мекемелерi, 46 орта жалпы бiлiм беру мектептерi, 1 кәсiби бiлiм беру мекемесi, 6 мектеп-интернат (казақ, орыс немесе аралас тiлдерде оқытумен) бар.

Ауданның денсаулық сақтау саласы мыналардан тұратын: 1 ОАА және бiр ауысыммен 250 адамды қабылдаумен емхана, 4 дәрiгерлiк амбулатория, 2 ФАП, 48 медициналық пункт және 1 туберкулёзге қарсы диспансер сияқиты емдеу-алдын алу жүйесiмен көрiнедi.

Ауданда 2 қонақ үйi қызмет атқарады.

Аудан аумағы бойынша 4 бағыттағы автомобиль жолының қиылысында орналасқан: Москва-Петропавл-Омбы-Новосибирск, сондай-ақ республикалық және аудандық жолдар өтедi.

Ақпараталу үшiн мына телефондар бойынша жүгiнiңiз:

Әкiм: 87153121557, 21290

Әкiм орынбасары: 87153122267

Халықты жұмыспен қамту орталығы: 87153128154

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi: 87153128160

Жер қатынастарының бөлiмi: 87153120703

ТКШ бөлiмi: 87153122816

Құрылыс бөлiмi: 87153128044

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы