Ғабит Мусiрепов ауданы Солтүстiк Қазақстан облысының оңтүстiк-батыс бөлiгiнде орналасқан. Аудан Қостанай, Ақмола облыстарымен және облыстың 3 ауданданымен шекараласады. Аудан аумағының жалпы көлемi — 11,09 мың шаршы км. Халық саны — 42,4 мың адам, олардың iшiнде жұмыспен қамтылғаны 22,5 мың адам.
Әкiмшiлiк орталығы — Новоишим ауылы, облыс орталығы Петропавл қаласынан 260 км. қашықтықта орналасқан.
Аудан аумағына 66 елдi мекен кiредi. Ауылшарушылық саласында: 54 ЖШС, 245 шаруа және фермерлiк қожалықтар, 2 жол шарушылық кәсiпорны, 86 өндiрiстiк сипаттағы қызметтер көрсететiн кәсiпорын, сондай-ақ мәдени-демалу орындары, дене шынықтыру-сауықтыру кешенi, жүзу бассейнi және басқа демалыс орындарын дамыту үшiн бiрқатар жағдайлар жасалынған.
Аудан экономикасының маңызды секторы ауыл шаруашылығы өндiрiсi болып табылады. Ауыл шаруашылығының 90% үлесiн өсiмдiк шаруашылығы құрайды. Ауданда ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемi 1044,5 мың га, соның iшiнде егiстiк — 779,4 мың га құрайды. Өсiмдiк шаруашылығымен қатар мал шаруашылығы да айтарлықтай қарқынмен дамып келедi. Ауданда «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» сияқты мемлекеттiк бағдарламалар ойдағыдай жүзеге асырылуда. Бағдарламаға қатысушыларға 14% жеңiлдiкпен несие берiледi,оның 7% мемлекетпен субсидияланады және асыл тұқымды мал басын сатып алуда субсидия төленедi.
Ауданның барлық елдi мекендерiн жолаушылар тасымалымен айналысатын, аудан аумағында 22 автобус қатынасы ұйымдастырылған. Новоишим темiржол станциясы арқылы «Қарағанды-Қостанай», «Атырау-Астана», «Орал-Астана», «Пресногорьковское-Павлодар», «Бароновичи-Қарағанды», «Новоишим-Қостанай» жолаушылар поезды өтедi.
Аудан аумағы арқылы «Жезқазған-Петропавл» және «Алматы-Екатеринбург» екi республикалық мңызы бар автомагистралi өтедi.
Аудан тұрғындарына орталық аудандық аурухана, 9 дәрiгерлiк емхана, 6 фельдшер-акушерлiк пункт медициналық қызмет көрсетедi. Ауданда 18 қонақ үйi қызмет атқарады.
Ауданда мектепке дейiнгi 56 бiлiм мекемесi, 48 орта жалпы бiлiм беру мектептерi және есепшi, аспаз, ауылшаруашылық тракторшы-машинисi сияқты мамандар даярлайтын — Новоишим және Рузаевка аграрлық-техникалық колледжi сияқты 2 кәсiби бiлiм мекемесi бар.
Жер учаскелерiн беру мүмкiндiгi бар (жеке қосалқы шаруашылығын жүргiзу үшiн, өндiрiс мақсатында, тұрғын үй салу)
Ақпарат алу үшiн мына телефондар бойынша жүгiнiңiз:
Аудан әкiм: 8-715-35-21-307
Аудан әкiмiнiң орынбасары: 8-715-35-21-234
Халықты жұмыспен қамту орталығы: 8-715-35-21-558
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi: 8-715-35-21-060
Жер қатынастарының бөлiмi: 8-715-35-21-474
ТКШ бөлiмi: 8-715-35-21-504
Құрылыс бөлiмi: 8-715-35-21-579