Тайынша ауданы Солтүстiк Қазақстан облысының оңтүстiк бөлiгiнде орналасқан және Ақмола облысымен шекараласады.
Аудан аумағының жалпы көлемi 11,4 шаршы км. Халық саны — 45,6 мың адам, олардың iшiнде экономикалық белсендi халықтың саны 28,4 мың адам.
Әкiмшiлiк орталығы — Тайынша қаласы, облыс орталығы, Петропавл қаласынан 150 км қашықтықта орналасқан.
Аудан аумағына 89 елдi-мекен кiредi.
Агроөндiрiстiк кешен 386 объектiнi бiрiктiредi, соның iшiнде: 63 ауыл шаруашылық кәсiпорын, 316 шаруа қожалығы және фермерлiк шаруашылық. Ауыл шаруашылық өнiмдердi өңдеу бойынша бiрнеше объектiлер жұмыс iстейдi, соның iшiнде: сүт өңдеу бойынша 3 кәсiпорын, 5 нан қабылдау кәсiпорны, 22 диiрмен, 24 наубайхана, шұжық цехы, қамыт кеспе өңдеу бойынша цех, жарма және басқаларды өңдеу бойынша цех жұмыс iстейдi.
Ауданда 4 ХПП және 1 элеватор, жалпы сыйымдылығы 359,8 мың тонна болатын бар. Өткен жылы Ильичевка ауылындағы «Ильичевка Астық» ЖШС қуаты 43 мың тонннаға дейiн кеңейтiлдi.
Ауданда мал шаруашылығы қызмет түрiмен айналысатын 81 ауыл шаруашылық құрылым бар. Сүттi бағыттағы малды өсiрумен 7 кәсiпорын айналысады.
Ауданда 371 сауда кәсiпорындары, қоғамдық тамақтанудың 57 объектiсi, техникалық қызмет көрсетудiң 23 станциясы, 36 автоқұю станциясы, аяқ киiм және киiм жөндеу және тiгу бойынша 7 пункт, 35 дәрiхана және мал дәрiханасы, 28 монша, 5 фотосалон, 16 транспорттық қызмет, жихаз жөндеу бойынша 3 пункт, 27 шаштараз салондары және 18 басқа бағытта қызметтер жасайтын жұмыс орындары бар.
Ауданның 86 елдi-мекенi жолаушылар тасымалымен қамтылып, автобус маршруты 11 бағыт бойынша жұмыс iстейдi. Соның iшiнде 8 — аудан және 3 — қала iшiндегi жол бағыттары бойынша жүредi. Екi автостанция бар: Тайынша қаласында және Келлеровка ауылында, сонымен қатар Чкалов ауылында жолаушыларға қызмет көрсету пункты бар.
Ауданаумағынан Көкшетау-Петропавл темiр жол өтедi.
Ауданның халқын iшетiн таза сумен қамтамасыз етiлген. Iшетiн сумен жабдықтаудың 63 объектiсi бар, соның iшiнде: 17 орталық, 9 локалды және 37 сумен жабдықтаудың орталықтандырылмаған объектiлерi.
Ауданның денсаулық сақтау жүйесi орталық аудандық ауруханасында 140 төсек орын мен ауысымда 400 келушiлерi бар, ауылдық елдi мекендерде 64 медициналық пункт, 13 дәрiгерлiк амбулатория және 2 фельдшерлiк-акушерлiк пункт қызмет етедi.
Ауданда 58 жалпы бiлiм беру мектептерi өзiнiң қызметiн жүзеге асыруда, соның iшiнде: 35 орта, 16 негiзгi және 7 бастауыш. 8 мектеп- интернат бар. Кейбiр мектептер 3 мемлекеттiк тiлде оқытумен айналысады. Интернатта ыңғайлы тұрмыс пен ойдағыдай бiлiм алу үшiн барлық қажеттi жағдайлар жасалған, балаларды жеткiзу арнайы транспортпен қамтамасыз етiлген.
Аудан аумағында 74 мәдениет объектiсi, 2 қонақ үй, 4 екiншi деңгейлi банк, сонымен қатар «Қазпошта» АҚ филиалы халлық қызмет көрсетедi.
Ақпаратты алу үшiн мына телефондар бойынша жүгiнiңiз:
Әкiм: 8(71536)21-665
Әкiм орынбасары: 8(71536)21-486
Халықты жұмыспен қамту орталығы: 8(71536)23-685
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi: 8(71536)21-022
Жер қатынастарының бөлiмi: 8(71536)22-185
ТКШ бөлiмi: 8(71536)21-012
Құрылыс бөлiмi: 8(71536)22-056