Меню

Страницы

Статья

Тимирязев ауданы

Тимирязев ауданы Солтүстiк Қазақстан облысының онтүстiк-шығыс бөлiгiнде орналасқан. Аудан батыста Қостанай облысымен және облыстың Шал ақын ауданы, Ғ.Мүсiрепов ауданы, Жамбыл аудандарымен шекараласады. Аудан аумағының жалпы көлемi 4510 шаршы км. Халық саны — 12,058 мың адам, олардың iшiнде жұмыспен қамтылғаны 6,969 мың адам.

Әкiмшiлiк орталығы — Тимирязев ауылы, облыс орталығы, Петропавл қаласынан 236 км қашықтықта орналасқан.

Аудан аумағына 24 елдi-мекен кiредi. Ауданда 360 ауыл шаруашылығымен айналысушылар, сонын iшiнде: 30 ЖШС, 64 фермерлiк шаруашылық, 266 шаруа қожалығы, линия бойындағы 2 элеватор, астық қабылдайтын 3 пункт, 1 жол шарушылық кәсiпорны, 1 автокөлiк кәсiпорны, 29 өндiрiстiк сипаттағы қызметтер көрсететiн кәсiпорын, сондай-ақ 33 мәдени-демалу орталықтары және демалыс орындарын дамыту үшiн бiрқатар жағдайлар жасалуда

Аудан экономикасының маңызды секторы ауыл шаруашылығы болып табылады.

Жолаушылар тасымалдаумен 23 елдi мекен қамтылған. Ауданда 19 мектепке дейiнгi бiлiм мекемесi, 19 жалпы бiлiм беру мектептерi, 1 кәсiби бiлiм беру мекемесi, 1 мектеп-интернат (казақ тiлiнде оқытумен) бар.

Аудан тұрғындарына медициналық көмектi орталық аудандық ауруханасы көрсетедi, соның iшiнде: 2 дәрiгерлiк амбулатория, 2 фельдшерлi-акушерлiк пунктi бар. Ауданда 2 қонақ үйi қызмет атқарады.

Аудан «КТ-52 Тимирязево-Аксуат-Мичурино», «КТ-28 Урицкий», «КТ-27 Петропавл» автомобиль жолдарының қиылысында орналасқан. Аудан аумағы бойынша «Павлодар-Пресногорьковка» темiр жолы өтедi .

Ақпарат алу үшiн мына телефондар бойынша хабарласыңыз

Әкiм: 2-00-00, 2-00-03

Әкiм орынбасары: 2-11-24, 7-90-46

Халықты жұмыспен қамту орталығы: 2-18-90, 2-18-00

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi: 2-14-94, 2-14-41

Жер қатынастары бөлiмi: 2-19-75

Құрылыс және ТҮКШ бөлiмi: 2-13-00, 2-19-43

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы