Уалихан ауданы Солтүстiк Қазақстан облысының оңтүстiк-шығысында орналасқан. Солтүстiкте және солтүстiк-шығысында Ресей федерациясының Омбы облысы, шығысында Павлодар облысы, оңтүстiк және оңтүстiк-шығысында Ақмола облысы, батыста Солтүстiк Қазақстан облысының Ақжар ауданымен шектеседi. Аудан аумағының жалпы көлемi 12876,6 шаршы км. Халық саны 16,951 мың адам, олардың iшiнде жұмыспен қамтылғаны 8,719 мың адам.
Әкiмшiлiк орталығы — Кiшкенекөл ауылы, облыс орталығы, Петропавл қаласынан 350 км қашықтықта орналасқан.
Аудан аумағына 27 елдi-мекен кiредi. Ауданда 169 ауыл шаруашылық құрылымдар жұмыс iстейдi, сонын iшiнде: 29 ЖШС және 140 шаруа қожалықтар бар.
Аудан экономикасының маңызды секторы ауыл шаруашылығы болып табылады.
Аудан аумағында 5 автобус маршруты ұйымдастырылған, олар ауданның 20 елдi-мекенiн қамтиды. Ауданда 22 мектепке дейiнгi бiлiм мекемесi, 24 орта жалпы бiлiм беру мектептерi, 2 қосымша бiлiм беру мекемесi, 2 мектеп-интернат (казақ, орыс тiлдерде оқытумен)бар. Ауданның экономика салаларына арналған кадрларды бастапқы кәсiби даярлауды «Уәлиханов ауылшаруашылық колледжi» КММ жүзеге асырады.
Аудан тұрғындарына медициналық көмектi аудандық орталық ауруханасы, 1 фельдшер-акушерлiк пункт, 2 дәрiгерлiк амбулатория, 20 медициналық пунктi жүзеге асырады.
Аудан 4 бағыттағы автомобиль жолының қиылысында орналасқан: Омбы-Петропавл, Омбы-Боровое, Омбы-Астана, Омбы-Қарағанды. Аудан аумағы бойынша облыстық тас жол өтедi .
Ауданның визит карточкасы өлке табиғаты, өзендер және ескерткiштерi болып табылады.
Мал шаруашылығын және жеке қосалқы шаруашылығын жүргiзу үшiн бос жер учаскелерi бар.
Ақпарат алу үшiн мына телефондар бойынша жүгiнiңiз:
Аудан әкiмi: 8-715-42- 21244
Аудан әкiмiнiң орынбасары: 8-715-42-21748
Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры: 8-715-42- 21682
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң басшысы: 8-715-42- 21943
Жер қатынастары бөлiмiнiң басшысы: 8-715-42- 21899
ТКШ бөлiмiнiң басшысы: 8-715-42- 22085
Құрылыс бөлiмiнiң басшысы: 8-715-42-22505