Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде ерiктi түрде қоныс аударуға жәрдемдесу есебiнен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.
Ерiктi түрде қоныс аударуға көмек Солтүстiк Қазақстан облысындағы сұранысқа ие, кету аймағында тұрақты тiркелген және кемiнде бiр жыл тұрған бiлiктi мамандарға көрсетiледi.
Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркiстан, Қызылорда облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы, Шымкент қалалар шығу өңiрлерi болып анықталған.
Мемлекеттiк қолдау мыналарды:
Бұдан өзге, Солтүстiк Қазақстан облысында қоныс аударушылар мен оралмандар үшiн тұрғын үй құрылысы пилоттық режимде жүзеге асырылуда, жалға берiлiп, кейiннен сатып алу мүмкiндiгi пайда болады.
Бағдарламаға қатысу үшiн тұрғылықты жерi бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына немесе түйiндемеңiздi мына: pereselenie-ukzsp@sqo.gov.kz электрондық мекенжайға жiберу қажет.
Толық ақпаратты мына 8(715-2)-46-37-43 телефоны арқылы алуға болады.