Мекеменiң мекенжайы: Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка ауылы Дорожный тұйық көшесi, 24
Байланыс телефоны: 8 715 44-2-27-60
Е-mail: presnovka_pndi@sqo.gov.kz
Мекеменiң құрылған күнi: 2016 жыл
Мекеменiң директоры: Тикибаева Раушан Ергалиевна
Жоспарлы орын саны: 170 стационарлық орын
Мекеменiң негiзгi мiндеттерi қамқорлықтағы адамдарға жайлы өмiр сүру жағдайларын жасау, арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандартына сәйкес арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету, оңалту процедуралын жүргiзу, қамқорлықтағыларды тыныс-тiршiлiк түрлерiне, мәдени iс-шараларға, үйiрме қызметiне тарту жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Емдеу-сауықтыру iс-шараларын ұйымдастыру және әлеуметтiк-медициналық сипаттағы оңалту iс-шараларын өткiзу үшiн мынадай: стоматологиялық, физиотерапевтiк, емдеу бөлмелерi құралдармен жабдықталған. Медициналық қызмет көрсету тұратындардың контингентiн ескере отырып, ұйымдастырылған.
Қамқорлықтағылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында «Шебер қолдар» үйiрмесi, бейнелеу өнерi, кiтапхана, 50 орынға мәжiлiс залы жұмыс iстейдi, мерекелiк және өзге iс-шаралар ұйымдастырылады.