Мекеменің мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропал қаласы, Надежда көшесі, 20
Байланыс телефоны – 8 (7152) 53-97-21
E-mail: oda_di@sqo.gov.kz
Мекеменің құрылған күні: 1999 жыл
Мекеменің директоры: Лузакова Татьяна Александровна
Жоспарлы орын саны: 20
Мекеменің негізгі міндеті тәрбиеленушілерді қоғамға бейімдеу мақсатында оларды әлеуметтік, медициналық және психологиялық оңалтуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу, қозғалу бұзылулары бар балаларды жалпы білім беретін мектептің қарапайым сыныптарында оқыту болып табылады.
Мекемеде қазіргі заманғы тренажерлар бар емдік физкультура залы бар. Онда тәрбиеленушілермен аяқ-қолдың қозғалу функциясын түзетуге және қалпына келтіруге бағытталған сабақтар өткізіледі. Өнер арқылы әрбір баланың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған арттерапевтік сабақтар қарастырылған.
Компьютер сыныбы жабдықталған, «ЭЕМ» операторы мамандығы бойынша балаларды оқыту ұйымдастырылған.