Мекеменің мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Октябрдің 50 жылдығы көшесі, 22П
Байланыс телефоны – 8 (71536) 2-55-15
E-mail: nadezhda_di@sqo.gov.kz
Мекеменің құрылған күні: 2006 жылғы қарашада пайдалануға берілді.
Мекеменің директоры: Алданазарова Жанар Ермековна
Жоспарлы орын саны: 120
Медициналық-әлеуметтiк мекеменiң негiзгi мiндеттерi қамқорындағы адамдарға қолайлы тұрмыс жағдайларын жасау, оларға арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандартына сәйкес әлеуметтiк қызметтер көрсету және оңалту iс-шараларын өткiзу, қарттар мен мүгедектердi күту және тұрмыстық қызмет көрсету, оларға медициналық қызмет көрсету, мәдени-көпшiлiк жұмыстарын өткiзу болып табылады. Қамқорлықтағыларды әлеуметтiк-тұрмыстық және еңбекке бейiмдеуге бағытталған iс-шараларды жүзеге асыру.
Қамқорлықтағылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында мәдени-көпшiлiк iс-шаралары қарастырылған, кiтапхана жұмыс iстейдi.