2020 жылы қаңтар-маусым айларында СҚО әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына жеке тұлғалардан 1193 өтiнiш келiп түстi, 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда өтiнiш саны 1097 өтiнiшке көбейген.
Барлық келiп түскен өтiнiштер «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңында белгiленген мерзiмге сәйкес уақытылы қаралды.
Жеке тұлғалардан келiп түскен 1092 өтiнiштiң 505-не түсiнiктеме берiлдi, 7 — қанағаттандырылды, 578 — маңызы бойынша қайта жiберiлдi, 2 — жұмыста.
Жеке тұлғалардан өтiнiштер мынадай мәселелер бойынша келiп түстi:
- еңбек және халықты жұмыспен қамтудың, әлеуметтiк қамтамасыз етудiң жалпы сұрақтары — 1064, бұл жалпы жеке тұлғалардан түскен өтiнiштiң 97,4% құрайды. 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда өтiнiштер саны 1062-ке көбейген;
- атаулы әлеуметтiк көмек — 9, бұл жалпы жеке тұлғалардан түскен өтiнiштiң 0,8% құрайды;
- көшi-қон — 9, бұл жалпы жеке тұлғалардан түскен өтiнiштiң 0,8% құрайды. 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда бұл сұрақ бойынша өтiнiштер саны 78-ға азайған;
- лауазымдық тұлғалардың iс-әрекеттерi — 4, бұл жалпы жеке тұлғалардан түскен өтiнiштiң 0,3% құрайды. 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда өтiнiштер саны 1-ке көбейген;
- өзге мәселелер — 24, бұл жалпы жеке тұлғалардан түскен өтiнiштiң 2,1 % құрайды.
2020 жылғы қаңтар-маусым айларында заңды тұлғалардан 101 өтiнiш келiп түстi. 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда өтiнiш саны 78-ке көбейген.
Заңды тұлғалардан қаралған 101 өтiнiштiң 78 — түсiндiрiлдi, 29 — маңызы бойынша қайта жiберiлдi.
Заңды өтiнiштер мынадай мәселелер бойынша келiп түстi:
- әлеуметтiк қамтамасыз ету — 88, бұл заңды тұлғалардан түскен өтiнiштiң жалпы санының 87,1% құрайды;
- мемлекеттiк сатып алу — 8, бұл жалпы заңды тұлғалардан түскен өтiнiштiң 7,9% құрайды;
- атаулы әлеуметтiк көмек — 3, бұл жалпы заңды тұлғалардан түскен өтiнiштiң 2,9% құрайды;
- өзге мәселелер — 2, бұл жалпы заңды тұлғалардан түскен өтiнiштiң 1,9% құрайды.
Есептi кезеңде басқармаға «Электронды үкiмет» порталы арқылы 97 өтiнiш келiп түстi (2019 жылда — 23).