Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қорытындылары туралы ақпарат

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы ақпарат

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыста 25 588 адам жұмысқа орналастырылды. 11 709 жаңа жұмыс орны құрылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (одан әрі — Бағдарлама) аясында жүзеге асырылады.

Жалпы алғанда, 19294 адам Бағдарлама қатысушы атанды, оның ішінде 13 734 немесе 72% ауылды жерлердің тұрғындары болып табылады.

Бағдарлама аясында жұмысқа орналастыру бойынша барлығы 13 951 шара көрсетілді, оның ішінде 8 394 адам Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы деректер базасында қолда бар бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 2020 жылы 426 қатысушыны (жоспар бойынша — 426 адам) техникалық және кәсіби мамандықтар бойынша оқыту басталды. 543 адам еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіби оқуға жіберілді (жоспар — 525 адам). Оның ішінде 501 адам оқуды аяқтады, 366 адам жұмысқа орналасты.

Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша 2020 жылы жалпы сомасы 2,8 млрд. теңгеге 643 несие беру жоспарлануда. 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 2,2 млрд. теңге сомасына 566 несие берілді. Сонымен қатар, Бағдарлама шараларымен субсидиялау мен қарыздарды кепілдендіру көзделген. Жыл басынан бері 20 қатысушы шағын несие алуға кепілдік алды. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 1070 адам жіберілді, оның ішінде 938 қатысушы (жоспар — 938 адам) оқуды аяқтады. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 755,3 млн. теңге сомасына 1424 грант (жоспар бойынша — 1424 грант) берілді.

Бағдарламаның «Еңбек нарығын халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы дамыту» үшінші бағыты аясында ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 498 қатысушы әлеуметтік жұмыс орындарына (жоспар бойынша — 420 адам) жұмысқа орналастырылды, 722 қатысушы жастар тәжірибесінен өтуге (жоспар бойынша — 760 қатысушы) жіберілді, 4265 қатысушы қоғамдық жұмыстарға (жоспар — 4076 адам) орналастырылды, алғашқы жұмыс орындарына 15 қатысушы (жоспар бойынша — 18 адам) жолданды, ұрпақтар келісімшарты бойынша 6 қатысушы (жоспар — 14 адам) жұмысқа орналастырылды.

Жұмыспен қамту жол картасы аясында 32 млрд. 107 млн. теңгеге қажеттілік қалыптасты, бұл 377 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, облыс бойынша жобаларды іске асыру барысында 6488-жұмыс орнын құру күтілуде, ол жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 3244 адам жұмысқа орналастырылмақшы. Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 377 жобада жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 4809 жұмыс орны, соның ішінде Бағдарламаға қатысушылар үшін 3074 жұмыс орны құрылды.

Бұдан басқа, құрылыс және қайта жаңарту нысандары іске қосылғаннан соң, 482 тұрақты жұмыс орны құрылатын болады.

Коңыстандырушылар бойынша

Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

2020 жылда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік Бағдарламасы аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.

Бағдарламаға сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Түркістан облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан) қоныс аударушылардың 552 отбасын (1765 адам) қабылдау жоспарланған.

2020 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша 1504 адам бар 497 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға жалпы сомасы 113,76 млн. теңге мөлшерінде көшуге арналған субсидия төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді және жалпы сомасы 153,88 млн. теңгеге тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төленді.

Осы отбасылар келесі областардан көшіп келді: Нұр-Сұлтан қаласынан — 154 отбасы (478 адам), Түркістан облысынан — 151 отбасы (425 адам), Алматы облысынан — 56 (214 адам), Жамбыл — 51 (147 адам), Шымкент қ. — 28 (96 адам), Алматы қ. — 27 (73 адам), Қызылорда облысынан — 24 (49 адам), Маңғыстау — 6 отбасы (22 адам) және олар облыстың барлық аудандарында және Петропавл қ. орналастырылды.

Келген 1504 адамның арасынан 772 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың ішінен: 367 адам жұмысқа орналастырылды, 96 өз ісімен айналасады, 654 бала, 41 зейнеткер және 37 студент көшіп келді.

Оралмандар бойынша

2020 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша жалпы саны 96 адаммен 52 этникалық қазақ отбасы келіп, оралман мәртебесін алды, соның ішінде елдер бойынша Өзбекстан Республикасынан 6 отбасы (6 адам), Ресей Федерациясынан 6 отбасы (6 адам), ҚХР — 36 отбасы (80 адам) және Монғолиядан — 4 отбасы (4 адам) келді.

Оралмандарды қабылдау өңірлік квотасына 50 отбасы (120 адам) енгізілді, оларға жалпы сомасы 11,67 млн. теңге мөлшерінде көшуге арналған субсидия және 12,3 млн. теңгеге тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төленді.

Квотаға енгізілген 120 адамның арасынан: 75 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар.

Кедейлік деңгейін төмендету

Тұтастай алғанда облыс бойынша 2020 жылғы 1 қазандағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 10,2 мың адамды құрады.

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мыналар:

  • 2280 отбасындағы 10152 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Көмектің жалпы сомасы 549,9 млн. теңге.
  • 540 отбасына 4,7 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі көрсетілді. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,0%-ға немесе 266 отбасына төмендеді (2019 жылғы 01.10. — 806 отбасы).
  • 20577 азаматқа 662,9 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54,7%-ға немесе 7276 адамға ұлғайды (2019 жылғы 01.10. — 13301 адам).

Халықтың әлеуметтік жұтаң топтарын қолдау

Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,6 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан 8 әлеуметтік қамту орталығы және мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.

Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы жанынан 45 орынға мүгедек балалар үшін күндізгі болу бөлімшесі жұмыс істейді. 2012 жылдан бастап Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жаныан 10 орынға жасы 18-ден асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған күндізгі болу бөлімшесі жұмыс істейді.

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтер қамқорлықтағылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып стандартта қарастырылыған көлем және түрлері бойынша ұсынылады.

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедекке, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыс мүгедектері оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік сатып алулар жоспарына сәйкес 2020 жылы:

541 мүгедек кресло-арбалар (РБ — 541 дана). Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 411 арнайы қозғалыс құралы сатып алынды, 234 адам 322 кресло-арбамен қамтамасыз етілді.

420 бірлік сурдотехника, оның ішінде 139 цифрлық есту аппараты (РБ — 420 дана). Ағымдағы жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша 360 сурдотехникалық құралдар, оның ішінде 139 цифрлық есту аппараттары сатып алынды, мүгедектер 256 сурдоқұралмен қамтамасыз етілді;

765 тифло техника құралдары (РБ — 765 дана). Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 527 тифлотехникалық құралдар сатып алынды, мүгедектер 322 құралмен қамтамасыз етілді.

9 адам кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) қамтамасыз етілді — 3 ересек және 6 бала;

368 мүгедек санаторлы-курорттық емдеумен (РБ-368 адам) қамтамасыз етілді. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы (ЖБ-тен 10 адам) тағы 10 мүгедекті қамтамасыз ету жоспарлануда.

Протездік-ортопедиялық көмекпен 1066 адамды 1805 бұйыммен (РБ-тен 1065 адамға 1804 бұйым, ЖБ-тен 1 адамға 1 бұйым) қамту жоспарлануда.

Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен мүгедектер міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Ағымдағы жылдың басынан бастап 1694 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 701 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп — тұруы қиын бірінші топтағы 514 мүгедекке жеке көмекшілер қызметі және 187 есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.

Дата публикации
10 ноября 2020
Дата обновления
10 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы