2020 жылы Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс арқылы облыс халқын әлеуметтiк қорғау жүйесiнде үкiметтiк емес сектормен өзара iс-қимыл шеңберiнде мүгедектер мен қарт азаматтарға күтiм жасау жағдайында арнайы әлеуметтiк қызметтердi «АДОН-Север» ҚБ және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнайы әлеуметтiк қызмет көрсету бойынша қызметтердi «Әйелдердi қолдау орталығы» ҚБ сияқты екi үкiметтiк емес ұйымы көрсетедi.
Үкiметтiк емес ұйымдар қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтiк қызметтердi әлеуметтiк-тұрмыстық, әлеуметтiк-медициналық, әлеуметтiк-педагогикалық, әлеуметтiк-педагогикалық, әлеуметтiк-мәдени, әлеуметтiк-еңбек, әлеуметтiк-экономикалық, әлеуметтiк-құқықтық жеке қажеттiлiктер мен қажеттiлiктердi ескере отырып, Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарында көзделген көлемде және түрде 8 бағыт бойынша көрсетiледi.
Қазiргi уақытта Уақытша тұру орталығында қатыгездiкпен қарым-қатынасқа ұшыраған 18 қызмет алушы тұрып жатыр, 80 қызмет алушы үйде күтiм жасау жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетумен қамтылған.