Меню

Страницы

Статья

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қызмет көрсетілетін қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, кедергісіз орта құруға және оңалтудың кешенді жүйесі арқылы азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Мемлекет қолдауды мынадай бағыттар бойынша көрсетеді (негізгі қолдау шаралары):

  1. оңалтудың техникалық құралдары (ОТҚ) — тифло- және сурдотехникалық құралдармен, гигиеналық құралдармен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен, арнайы жүріп — тұру құралдарымен қамтамасыз ету.
  2. оңалту қызметтері — санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыру, жеке көмекшінің (жүріп — тұруы қиын І топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін) және ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну.
  3. инватакси — медициналық көрсеткіштері бар мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы көлік қызметі.
  4. қолжетімді орта - әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне мониторинг жүргізу және оларды бейімдеу (пандустар, тұтқалар, тактильді белгілер орнату).

            Қызметтерді алу тәртібі.

ОТҚ және арнайы қызметтерді алудың негізгі құралы — Әлеуметтік қызметтер порталы (aleumet.egov.kz).

            Порталдың артықшылықтары:

  1. жеткізушіні және қажетті техникалық құралдарды дербес таңдау мүмкіндігі.
  2. процестің ашықтығы және қызмет алу уақытын қысқарту.
  3. электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, онлайн тапсырыс беру. Қажет болған жағдайда, порталдағы тапсырыстарды ресімдеу Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері қызметкерлерінің қолдауымен жүзеге асырылады.
Дата публикации
22 мая 2026
Дата обновления
22 мая 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы