Меню

Страницы

Статья

Business.enbek.kz порталында 1-ші ағында гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады

2025 жылғы 21 мамырда Business.enbek.kz порталында  халықтың әлеуметтік осал топтары үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады.

Гранттар өтеусіз негізде 400 АЕК (1 572 800 теңге) дейінгі мөлшерде беріледі, оның нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады.

Гранттар  халықтың әлеуметтік осал топтары үшін (атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) оның жұбайы (зайыбы) көп балалы болуына байланысты жәрдемақы алушылар, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдар) көзделген.

Грант алу үшін Business.enbek.kz порталында электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық өтініш беру қажет, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша Еңбек мобильдігі орталығы мен оның филиалдарына (Мансап орталықтары) жүгінуге болады.

Дата публикации
08 мая 2025
Дата обновления
08 мая 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы