Меню

Страницы

Статья

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды

іске асыру

Ағымдағы жылы халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс - шараларды іске асыру Әлеуметтік кодекс (бұдан әрі - Кодекс) шеңберінде жүзеге асырылады.

Жалпы, жұмыспен қамту іс-шараларына 20576 адам қатысты, оның ішінде 15844 адам немесе 77%-ы ауылдық жерлердің тұрғындары болып табылады.

Барлығы 17240 қатысушыға жұмысқа орналастыру шаралары көрсетілді, оның ішінде бос жұмыс орындарына 12582 адам жұмысқа орналастырылды.

Жұмысшы кадрларды кәсіптік оқытуға 349 адам жіберілді (білім беру ұйымдарында - 229 адам, жұмыс берушілердің жұмыс орнында - 120 адам).

Еnbek.kz платформасы арқылы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытуға 1883 адам кірісті, оның 1734 - сі сертификат алды.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 822 адам қамтылды.

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы 4658 қатысушы, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 320 (жоспар - 278 адам), жастар тәжірибесіне - 653 (жоспар - 580 адам), қоғамдық жұмыстарға - 3036 (жоспар - 1906 адам), «Алғашқы жұмыс орны» жобасына - 300 (жоспар - 260 адам), «Күміс жас» жобасына - 333 (жоспар - 280 адам), «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 16 (жоспар - 16 адам) қатысушы жұмысқа орналастырылды.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының жаңа бизнес идеяларын іске асыруға өз ісін ашуға жағдай жасау үшін 398,7 млн.теңге сомасына 282 грант берілді (жоспарда - 398,7 млн. теңге сомасына 270 грант).

Анықтама: Статистика деректері бойынша 2024 жылдың 3-тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ды (ҚР – 4,6%), әйелдер жұмыссыздығы деңгейі – 4,7%-ды (ҚР – 5,2%), жастар жұмыссыздығы деңгейі – 3,8%-ды  ( ҚР – 3,1%) құрады.

 

Кедейлік деңгейін төмендету

Тұтастай алғанда облыс бойынша 2025 жылғы 1 қаңтардағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 5,3 мың адамды құрады.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мыналар:

- 1217 отбасындағы 5289 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 545,1 млн. теңге сомасында төленді.

22285 азаматқа 1855,5 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ  азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,9 %-ға немесе 3979 адамға артты (2024 жылғы 01.01 – 18306 адам).

 

 

Коңыстандырушылар бойынша

Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

2024 жылда Әлеуметтік кодексі аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын  ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.

Ұлттық жоба аясында сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Манғыстау,  Түркістан облыстарынан және Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан)  қоныс аударушылардың 766 отбасын (2 702 адам) қабылдау жоспарланған.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2 340 адамнан тұратын 710 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға көшуге арналған субсидия және тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Осы отбасылар Астана қаласынан – 173 отбасы (498 адам), Түркістан облысынан – 198 отбасы (701 адам), Алматы облысынан - 47 отбасы (150 адам), Шымкент қ. – 82 отбасы (300 адам), Жамбыл облысынан – 56 отбасы (154 адам), Қызылорда облысынан  – 56 отбасы (170 адам), Алматы қ. – 35 отбасы (101 адам), Маңғыстау облысынан – 46 отбасы (216 адам) және  Жетісу облысынан  - 17 отбасы (50 адам) көшіп келді.

Келген 2340 адамның арасынан 1113-і еңбекке жарамды жастағы адамдар (олардың  ішінде: 703 адам  тұрақты жұмыс орнына, 63 - өз ісімен айналасуда), 1157-і бала, 41-і зейнеткер және 29-ы студент.

 

 

 

Қандастар бойынша

2025 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы саны 243 адаммен 146 этникалық қазақ отбасы келіп, қандас мәртебесін алды, соның ішінде елдер бойынша Ресейден – 60 отбасы (69 адам), Өзбекстан Республикасынан – 33 отбасы (82 адам), Монғолиядан – 14 отбасы  (25 адам),  Қытайдан – 24 отбасы (38 адам), Ауғаныстаннан – 1 отбасы (1 адам), Түркіменстаннан - 13 отбасы (27 адам) және Ираннан – 1 отбасы (1 адам) келді.

Қоныс аударған қандастардың қатарында еңбек жасындағылар 120 адам.

Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 105 отбасы (207 адам) енгізілді.

Квотаға енгізілген адамдар арасынан 100-і еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың  ішінде: 40-і жұмысқа орналастырылды және 4 - өз ісімен айналасуда.

 

 

 

 

 

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары

(бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

2024 жылға бекітілген бюджетті нақтылауға сәйкес Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мен мемлекеттік сатып алулар арқылы:

347 мүгедектер арбасын алу жоспарланып, 346 кресло-арба сатып алынды;

418 сурдо-техникалық құрал алу жоспарланып, 418 құрал сатып алынды;

728 тифло-техникалық құрал сатып алу жоспарланып, 728 құрал сатып алынды;

1905 протездік-ортопедиялық құралын сатып алу жоспарланып, 1905 құрал сатып алынды;

902  адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып, 902 адам қамтамасыз етілді.

3  адам кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз етілді.

Қалалық және аудандық бюджет қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

          2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектер, несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар, сіңіргіш жаялықтар және т. б.) қамтамасыз ету бойынша 5900 іс-шара (құралдар) сатып алынды, 516 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруында қиындықтары бар 1-топтағы 271 МБА-ға жеке көмекшілердің қызметтері, сондай-ақ 245 есту бойынша МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметтері көрсетілді.

Дата публикации
06 марта 2025
Дата обновления
06 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы