Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру
Ағымдағы жылы халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс - шараларды іске асыру Әлеуметтік кодекс (бұдан әрі - Кодекс) шеңберінде жүзеге асырылады.
Жалпы, жұмыспен қамту іс-шараларына 11826 адам қатысты, оның ішінде 8454 адам немесе 71%-ы ауылдық жерлердің тұрғындары болып табылады.
Барлығы 9341 қатысушыға жұмысқа орналастыру шаралары көрсетілді, оның ішінде бос жұмыс орындарына 5032 адам жұмысқа орналастырылды.
Жұмысшы кадрларды кәсіптік оқытуға 302 адам жіберілді (білім беру ұйымдарында - 218 адам, жұмыс берушілердің жұмыс орнында - 82 адам).
Еnbek.kz платформасы арқылы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытуға 1293 адам кірісті, оның 1186 - сі сертификат алды.
Кәсіпкерлік негіздеріне 749 адам оқытылды.
Кәсіпкерлерді субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы қолдау 4309 қатысушыны, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 314 қатысушыны (жоспар - 278 адам), жастар тәжірибесіне - 463 (жоспар - 580 адам), қоғамдық жұмыстарға - 2915 (жоспар - 1906 адам), «Алғашқы жұмыс орны» жобасына - 283 (жоспар - 260 адам), «Күміс жас» жобасына - 321 (жоспар - 280 адам), «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына - 13 (жоспар - 16 адам) жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.
Халықтың әлеуметтік осал топтарының жаңа бизнес идеяларын іске асыруға өз ісін ашуға жағдай жасау үшін 199,3 млн.теңге сомасына 141 грант берілді (жоспарда - 398,7 млн. теңге сомасына 270 грант).
Анықтама: Статистика деректері бойынша 2024 жылдың 1-тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ды (ҚР – 4,7%), әйелдер жұмыссыздығы деңгейі – 4,9%-ды (ҚР – 5,2%), жастар жұмыссыздығы деңгейі – 2,5%-ды ( ҚР – 3,1%) құрады.
Кедейлік деңгейін төмендету
Тұтастай алғанда облыс бойынша 2024 жылғы 1 тамыздағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 4,6 мың адамды құрады.
2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мыналар:
- 999 отбасындағы 4310 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 281,6 млн. теңге сомасында төленді.
19096 азаматқа 1527,6 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,2 %-ға немесе 4622 адамға артты (2023 жылғы 01.08 – 14474 адам).
Коңыстандырушылар бойынша
Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.
2024 жылда Әлеуметтік кодексі аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.
Ұлттық жоба аясында сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Манғыстау, Түркістан облыстарынан және Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан) қоныс аударушылардың 766 отбасын (2702 адам) қабылдау жоспарланған.
2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 1205 адамнан тұратын 403 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға көшуге арналған субсидия және тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Осы отбасылар Астана қаласынан – 103 отбасы (295 адам), Түркістан облысынан – 110 отбасы (318 адам), Алматы облысынан - 31 отбасы (91 адам), Шымкент қ. – 43 отбасы (140 адам), Жамбыл облысынан – 38 отбасы (100 адам), Қызылорда облысынан – 23 отбасы (62 адам), Алматы қ. – 26 отбасы (84 адам), Маңғыстау облысынан – 18 отбасы (78 адам) және Жетісу облысынан - 11 отбасы (37 адам) көшіп келді.
Келген 1205 адамның арасынан 602-і еңбекке жарамды жастағы адамдар (олардың ішінде: 217 адам тұрақты жұмыс орнына, 28 - өз ісімен айналасуда, 4 – кәсіптік оқуға жіберілді), 567-і бала, 23-і зейнеткер және 13-і студент.
Қандастар бойынша
2024 жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша жалпы саны 140 адаммен 94 этникалық қазақ отбасы келіп, қандас мәртебесін алды, соның ішінде елдер бойынша Ресейден – 44 отбасы (52 адам), Өзбекстан Республикасынан – 14 отбасы (33 адам), Монғолиядан – 9 отбасы (15 адам), Қытайдан – 19 отбасы (27 адам), Ауғаныстаннан – 1 отбасы (1 адам), Түркіменстаннан - 6 отбасы (11 адам) және Ираннан – 1 отбасы (1 адам) келді.
Қоныс аударған қандастардың қатарында еңбек жасындағылар 65 адам.
Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 67 отбасы (119 адам) енгізілді.
Квотаға енгізілген адамдар арасынан 59-і еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың ішінде: 19-і жұмысқа орналастырылды және 1- өз ісімен айналасуда.
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
2024 жылға бекітілген бюджетті нақтылауға сәйкес Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мен мемлекеттік сатып алулар арқылы:
419 мүгедектер арбасын алу жоспарланып, 185 кресло-арба сатып алынды;
442 сурдо-техникалық құрал алу жоспарланып, 262 құрал сатып алынды;
573 тифло-техникалық құрал сатып алу жоспарланып, 452 құрал сатып алынды;
2392 протездік-ортопедиялық құралын сатып алу жоспарланып, 840 құрал сатып алынды;
969 адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып, 392 адам қамтамасыз етілді.
3 адам кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз етілді.
Қалалық және аудандық бюджет қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектер, несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар, сіңіргіш жаялықтар және т. б.) қамтамасыз ету бойынша 3453 іс-шара (құралдар) сатып алынды, 502 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруында қиындықтары бар 1-топтағы 263 МБА-ға жеке көмекшілердің қызметтері, сондай-ақ 239 есту бойынша МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметтері көрсетілді.