Меню

Страницы

Статья

024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы ақпарат  Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру

 

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша

халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы

ақпарат

 Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру

Ағымдағы жылы халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс – шаралар Әлеуметтік кодекс шеңберінде жүзеге асырылады.

Жалпы, жұмыспен қамту іс-шараларына 3301 адам қатысты, оның ішінде 2075 адам немесе 63%-ы ауыл тұрғындары болып табылады.

Барлығы 2619 қатысушыға жұмысқа орналастыру шаралары көрсетілді, оның ішінде бос жұмыс орындарына 1005 адам жұмысқа орналастырылды.

 517 адам Еnbek.kz платформасы арқылы сұранысқа ие дағдылар бойынша  онлайн-оқытуға жіберілді, оның 479 - ы сертификат алды.

Кәсіпкерлік негіздеріне 165 адам оқытылды.   

Кәсіпкерлерді субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы қолдау 1614 қатысушыны жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 165 қатысушы (жоспарда - 278 адам), жастар тәжірибесіне – 75 (жоспарда - 580 адам), қоғамдық жұмыстарға – 1165 (жоспарда – 1906 адам), «Алғашқы жұмыс орны» жобасына  – 45 (жоспарда - 260 адам), «Күміс жас» жобасына - 164 (жоспарда – 280 адам), «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына - 0 (жоспар – 16 адам) жіберілді.

Ағымдағы жылы 330 адамды кәсіптік оқытумен қамту жоспарлануда, оның ішінде оқу ұйымдарында - 280 адам, жұмыс берушілердің жұмыс орнында - 50 адам оқытылады, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдарға 270 грант, жастарға 136 кредит берілетін болады.

Анықтама: статистика деректері бойынша 2023 жылдың 4 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,6 % (ҚР – 4,7 %), әйелдер жұмыссыздығының деңгейі – 4,6 % (ҚР – 5,3 %), жастар жұмыссыздығының деңгейі – 3,9% ( ҚР – 3,4%) құрады.

Кедейлік деңгейін төмендету

  Тұтастай алғанда облыс бойынша 2024 жылғы 1 наурыздағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 3,5 мың адамды құрады.

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мыналар:

- 632 отбасындағы 2738 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 39,6 млн. теңге сомасында төленді;

- 3032 азаматқа 240,1 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ  өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға немесе 1250 адамға артты (2023 жылғы 01.03. – 1782 адам).

Коңыстандырушылар бойынша

 

Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

2024 жылда Әлеуметтік кодексі аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын  ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.

Ұлттық жоба аясында сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Манғыстау,  Түркістан облыстарынан және Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан)  қоныс аударушылардың 766 отбасын (2702 адам) қабылдау жоспарланған.

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 186  адамнан тұратын 74 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға көшуге арналған субсидия және тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Осы отбасылар Астана қаласынан – 16 отбасы (39 адам),  Түркістан облысынан – 26 отбасы (61 адам),  Алматы облысынан  - 4 отбасы (9 адам), Шымкент қ. – 7 отбасы  (16 адам), Жамбыл облысынан  – 10 отбасы (30 адам), Қызылорда облысынан  – 5 отбасы (11 адам), Алматы қ. – 3 отбасы (10 адам) және  Жетісу облысынан  - 3 отбасы (10 адам) көшіп келді.

Келген 186 адамның арасынан 100-і еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың  ішінде: (47 адам  тұрақты жұмыс орнына, 2 - уақытша жұмыс орнына орналастырылды),  79-ы бала, 4-і студент және 3-і зейнеткер.

 

Қандастар бойынша

 

2024 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша жалпы саны 39 адаммен 28 этникалық қазақ отбасы келіп, қандас мәртебесін алды, соның ішінде елдер бойынша Ресейден – 16 отбасы (20 адам),  Өзбекстан Республикасынан – 2 отбасы (7 адам), Монғолиядан – 4 отбасы  (5 адам)  және Қытайдан – 4 отбасы (5 адам), келді.

Қоныс аударған қандастардың қатарында еңбек жасындағылар 19 адам.

Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 20 отбасы (33 адам) енгізілді.

Квотаға енгізілген адамдар арасынан 17-і еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың  ішінде: 1-і жұмысқа орналастырылды.

 

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау

 

Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан 8 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы және мүгедектігі бар адамдарға сауықтыру орталығы жатады.

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша облыс аумағында 39 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

2024 жылға бекітілген бюджетті нақтылауға сәйкес Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мен мемлекеттік сатып алулар арқылы:

419 мүгедектер арбасын алу жоспарланып, 55 кресло-арба сатып алынды;

442 сурдо-техникалық құрал алу жоспарланып, 133 құрал сатып алынды;

573 тифло-техникалық құрал сатып алу жоспарланып, 157 құрал сатып алынды;

2392 протездік-ортопедиялық құралын сатып алу жоспарланып,              221 құрал сатып алынды;

969  адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып, 26 адам қамтамасыз етілді.

3 адамды кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Қалалық және аудандық бюджет қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектер, несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар, сіңіргіш жаялықтар және т. б.) қамтамасыз ету бойынша 1102 іс-шара (құралдар) сатып алынды, 472 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруында қиындықтары бар 1-топтағы 254 МБА-ға жеке көмекшілердің қызметтері, сондай-ақ 218 есту бойынша МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметтері көрсетілді.

        

 

Дата публикации
11 марта 2024
Дата обновления
11 марта 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы