«2024 жылы ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары санының екі-төрт пайызы мөлшерінде квота белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасына баспасөз релизі
2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі күшіне енді, оның негізінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 бұйрығымен Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілді.
Мәселен, Әлеуметтік кодекстің 18-бабы 7-тармақшасымен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, жұмыс орындары санының екі-төрт пайызы мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу арқылы әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететіні реттелген
Әлеуметтік кодекстің 107-бабы 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлерінің тізімдік саны 50 адамнан және одан жоғары жұмыс берушілерге мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі-төрт пайыз мөлшерінде квота белгілейді.
Өз кезегінде, Қағидалардың 5-тармағына сәйкес жыл сайын ағымдағы жылғы 5 желтоқсанға дейін облыстардың, республикалық, астананың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары санының екі-төрт пайызы мөлшерінде квота белгілейді
Осыған байланысты, аудандар мен Петропавл қаласының мансап орталықтарына (бұдан әрі - Орталықтар) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындау үшін жұмыс орындарының саны, сондай-ақ Орталықтарда тіркелген мүгедектігі бар жұмыссыздар саны туралы жұмыс берушілерн ұсынатын мәліметтер негізінде Басқарма ұйымдарда квота белгілеу жөнінде ұсыныстар әзірледі.
Осылайша, Басқарма «2024 жылы ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары санының екі-төрт пайызы мөлшерінде квота белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының жобасын (бұдан әрі - Жоба) әзірледі.
Мәселен, қаулы жобасының мақсаты мүгедектігі бар адамдарға жұмыс іздеуге жәрдемдесу бойынша кепілдіктерді іске асыру болып табылады.