Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру.
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс - шараларды іске асыру Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы (бұдан әрі- Жоба) шеңберінде жүзеге асырылады.
Жалпы, жұмыспен қамту іс-шараларына 15520 адам қатысты, оның ішінде 10349 адам немесе 67%-ы ауылдық жердің тұрғындары болып табылады.
Жоба шеңберінде барлығы 12072 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде дерекқордағы бос жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 8053 адам жұмысқа орналастырылды.
2023 жылы кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне дағдыларды дамыту үшін жұмыс берушілердің өтінімдер бойынша және солардың жұмыс орнында 308 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберу жоспарланған. Қазіргі уақытта 251 адам (жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша - 157 адам, жұмыс берушінің жұмыс орнында - 94 адам) жұмысшы кадрларды кәсіптік оқытуға жіберілді.
Еnbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн-оқытуға 1240 адам жіберілді, оның 1143 сертификат алды.
Кәсіпкерлік негіздеріне 1645 адам оқытылды.
Халықтың әлеуметтік осал топтарының жаңа бизнес идеяларын іске асыруға өз ісін ашуға жағдай жасау үшін 236,2 млн. теңге сомасына 178 грант (жоспарда 378,1 млн.теңге сомасына 274 грант) берілді.
Жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесуге 130 адамға несие беру үшін 650 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді, 578,7 млн.теңге 134 адамға шағын микрокредит берілді.
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау 4019 қатысушыны жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді: әлеуметтік жұмыс орындарына 278 қатысушы (жоспарда - 228 адам), жастар тәжірибесіне 465 қатысушы (жоспарда - 976 адам), қоғамдық жұмыстарға 2829 қатысушы (жоспарда - 2184 адам), «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 206 адам (жоспарда -318 адам), «Күміс жас» жобасына 226 адам (жоспарда - 210 адам) және «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 15 адам (жоспарда -16 адам) адам жіберілді.
Кедейлік деңгейін төмендету
Тұтастай алғанда облыс бойынша 2023 жылғы 1 қазандағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 6,6 мың адамды құрады.
2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мыналар:
- 1459 отбасындағы 6375 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 441,6 млн. теңге сомасында тағайындалды.
- 257 отбасына 7,1 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі көрсетілді. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,0 %-ға немесе 8 отбасына аз (2022 жылғы 01.10. – 265 отбасы).
15262 азаматқа 694,3 млн. теңге сомасында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7 %-ға немесе 544 адамға артты (2022 жылғы 01.10. – 14718 адам).
Коныс аудару
Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.
2023 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.
Ұлттық жобана сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірлерінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Жетісу, Түркістан облыстарынан және Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан) қоныс аударушылардың 758 отбасын (2660 адам) қабылдау жоспарланған.
2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 2055 адамнан тұратын 561 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға көшуге арналған субсидия және тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Осы отбасылар Астана қаласынан – 144 отбасы (453 адам), Түркістан облысынан – 168 отбасы (666 адам), Алматы облысынан - 50 отбасы (179 адам), Шымкент қ. – 61 отбасы (265 адам), Жамбыл облысынан – 40 отбасы (132 адам), Қызылорда облысынан – 34 отбасы (124 адам), Алматы қ. – 34 отбасы (110 адам), Маңғыстау облысынан – 19 отбасы (94 адам) және Жетісу облысынан - 11 отбасы (32 адам) көшіп келді.
Келген 2055 адамның арасынан 914-і еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың ішінде: 645 адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылды, 4- уақытша жұмыс орнына, 63 адам өз ісімен айналасады, 5 адам қысқа мерзімді оқуға жіберілді, 1040-ы бала, 49-ы зейнеткер және 52-ы студент.
Қандастар бойынша
2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жалпы саны 207 адамнан тұратын 128 этникалық қазақ отбасы келді, оның ішінде Ресейден – 89 отбасы (106 адам), Қытайдан – 5 отбасы (16 адам), Өзбекстан Республикасынан – 9 отбасы (16 адам), Монғолиядан – 24 отбасы (68 адам) және Ираннан – 1 отбасы (1 адам) келді.
Қоныс аударған қандастардың қатарында еңбек жасындағылар саны - 106 адам.
Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 69 отбасы (138 адам) енгізілді.
Квотаға енгізілген адамдар арасынан 65-і еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың ішінде: 42-ы жұмысқа орналастырылды.
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау
Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан 8 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы және мүгедектігі бар адамдарға сауықтыру орталығы жатады.
2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыс аумағында 39 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Бекітілген 2023 жылға арналған республикалық бюджетке сәйкес Әлеуметтік қызметтер порталы мен мемлекеттік сатып алулар арқылы:
420 мүгедектер арбасын алу жоспарланып, 313 кресло-арба сатып алынды;
383 сурдо-техникалық құрал, 330 құрал сатып алынды;
522 тифло-техникалық құрал сатып алу жоспарланып, 488 құрал сатып алынды;
2445 протездік-ортопедиялық құралын сатып алу жоспарланып, 1411 құрал сатып алынды.
5 адам кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз етілді.
Кеңейтілген тізбе бойынша 2448 іс-шара (протездік - ортопедиялық көмек, сурдо, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар бойынша қосымша құралдар)жоспарланып, 2421 іс-шара орындалды.
888 адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып, 649 адам қамтамасыз етілді.
Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
Ағымдағы жылғы 1 қазаңдағы жағдай бойынша 1956 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 535 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 298 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі және 237 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.