2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі күшіне енді, оған сәйкес облыстық құрылымдық бөлімше болып табылатын облыстың Еңбек мобильдігі орталықтарын құру көзделген.
Жұмыс істеп тұрған аудандық (қалалық) Халықты жұмыспен қамту орталықтары Еңбек мобильдігі орталықтарының филиалдары болып табылатын Мансап орталықтарына айналды.
Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы
15 маусымдағы № 100 қаулысына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, өз қызметін бастады.
Сонымен қатар, ҚР Әлеуметтік кодексінің қабылдануына байланысты «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы»; «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы»; «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы»; «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы»; «Балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы»; «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы»; «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»; «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; «Халықты жұмыспен қамту туралы»; «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары сияқты заңнамалық актілердің күші жойылды.
Осылайша, Басқарма «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 112 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасын (бұдан әрі - Жоба) әзірледі.
Облыс әкімдігі қаулысының осы жобасы Басқарма ережесін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіреді.
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының
басшысы Р. Елжасов