Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 312 бұйрығымен облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші – қон процестерін реттеудің үлгілік қағидалары (бұдан
әрі-Үлгілік қағидалар) бекітілді.
Осы Үлгілік қағидалар ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес қабылданды.
Өз кезегінде, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 312 бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты шешімінің жобасын әзірледі.
Осыған байланысты, Басқарма «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімінің жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
Осы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты шешімінің жобасы Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіреді.
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің жұмыспен
қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы Р. Елжасов