Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы АҚПАРАТ

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру.

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс - шараларды іске асыру Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы (бұдан әрі- Жоба) шеңберінде жүзеге асырылады.

Жалпы, жұмыспен қамту іс-шараларына 10108 адам қатысты, оның ішінде 7377 адам немесе 73%-ы ауылдық жердің тұрғындары болып табылады.

Жоба шеңберінде барлығы 7637 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде дерекқордағы бос жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы  4414  адам жұмысқа орналастырылды.

2023 жылы кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне дағдыларды дамыту үшін жұмыс берушілердің өтінімдер бойынша және солардың жұмыс орнында 308 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберу жоспарланған. Қазіргі уақытта 192 адам (жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша - 129 адам, жұмыс берушінің жұмыс орнында - 63 адам) жұмысшы кадрларды кәсіптік оқытуға жіберілді.

Еnbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн-оқытуға 753 адам жіберілді, оның 682-і сертификат алды.

Кәсіпкерлік негіздеріне 1293 адам оқытылды.   

Халықтың әлеуметтік осал топтарының жаңа бизнес идеяларын іске асыруға өз ісін ашуға жағдай жасау үшін 236,2 млн. теңге сомасына 178 грант (жоспарда 402,9 млн.теңге сомасына 292 грант) берілді.

Жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесуге 130 адамға несие беру үшін 650 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді, 245,8 млн.теңге 55 адамға шағын микрокредит берілді.

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау 3223 қатысушыны жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді: әлеуметтік жұмыс орындарына 268 қатысушы (жоспарда - 228 адам), жастар тәжірибесіне 139 қатысушы (жоспарда - 976 адам), қоғамдық жұмыстарға 2485 қатысушы (жоспарда - 2184 адам), «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 125 адам (жоспарда -318 адам), «Күміс жас» жобасына  198 адам (жоспарда - 210 адам) және «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 8 адам (жоспарда -16 адам) адам жіберілді.

 

Коныс аудару

Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

2023 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын  ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.

Ұлттық жобана сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірлерінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Жетісу, Түркістан облыстарынан және Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан)  қоныс аударушылардың 758 отбасын (2660 адам) қабылдау жоспарланған.

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 1062  адамнан тұратын 301 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға көшуге арналған субсидия және тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Осы отбасылар Астана қаласынан – 89 отбасы (262 адам),  Түркістан облысынан – 77 отбасы (319 адам),  Алматы облысынан  - 31 отбасы (101 адам), Шымкент қ. – 35 отбасы  (155 адам), Жамбыл облысынан  – 21 отбасы (57 адам), Қызылорда облысынан  – 13 отбасы (49 адам), Алматы қ. – 14 отбасы (43 адам), Маңғыстау облысынан  – 13 отбасы (63 адам)  және  Жетісу облысынан  - 8 отбасы (13 адам) көшіп келді.

Келген 1062 адамның арасынан 485-і еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың  ішінде: 226 адам  тұрақты жұмыс орнына орналастырылды, 4- уақытша жұмыс орнына, 43 адам өз ісімен айналасады, 533-і бала, 25-і зейнеткер және 19-ы студент. 

 

Қандастар бойынша

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жалпы саны 127 адамнан тұратын 86 этникалық қазақ отбасы келді, оның ішінде Ресейден – 67 отбасы (80 адам),  Қытайдан – 5 отбасы (16 адам), Өзбекстан Республикасынан – 6 отбасы (12 адам), Монғолиядан – 7 отбасы  (18 адам)  және Ираннан – 1 отбасы (1 адам) келді.

Қоныс аударған қандастардың қатарында еңбек жасындағылар саны - 67 адам.

Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 49 отбасы (92 адам) енгізілді.

Квотаға енгізілген адамдар арасынан 45-і еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың  ішінде: 27-і жұмысқа орналастырылды.

 

Кедейлік деңгейін төмендету

Тұтастай алғанда облыс бойынша 2023 жылғы 1 шілдедегі аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 5,7 мың адамды құрады.

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мыналар:

- 1298 отбасындағы 5689 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 291,2 млн. теңге сомасында тағайындалды.

- 253 отбасына 5,8 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі көрсетілді. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5 %-ға немесе 12 отбасына аз (2022 жылғы 01.07. – 265 отбасы).  

14318 азаматқа 589,3 млн. теңге сомасында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1 %-ға немесе 818 адамға артты (2022 жылғы 01.07. – 13500 адам).

 

 

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Бекітілген 2023 жылға арналған республикалық бюджетке сәйкес Әлеуметтік қызметтер порталы мен мемлекеттік сатып алулар арқылы:

413 мүгедектер арбасын алу жоспарланып, 212 кресло-арба сатып алынды;

432 сурдо-техникалық құрал,  233 құрал сатып алынды;

447  тифло-техникалық құрал сатып алу жоспарланып, 319 құрал сатып алынды;

2602  протездік-ортопедиялық құралын сатып алу жоспарланып, 914 құрал сатып алынды.

5  адам кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз етілді.

Кеңейтілген тізбе бойынша 2004 іс-шара (протездік - ортопедиялық көмек, сурдо, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар бойынша қосымша құралдар)жоспарланып, 1547  іс-шара орындалды.

773  адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып, 319 адам қамтамасыз етілді.

Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

         Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 1129 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 529 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 297 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі және 232 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.

 

Дата публикации
09 августа 2023
Дата обновления
09 августа 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы