Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру.
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс - шараларды іске асыру Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы (бұдан әрі- Жоба) шеңберінде жүзеге асырылады.
Жалпы, жұмыспен қамту іс-шараларына 8 937 адам қатысты, оның ішінде 6 424 адам немесе 72%-ы ауылдық жердің тұрғындары болып табылады.
Жоба шеңберінде барлығы 6 717 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде дерекқордағы бос жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 3 744 адам жұмысқа орналастырылды.
2023 жылы кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне дағдыларды дамыту үшін жұмыс берушілердің өтінімдер бойынша және солардың жұмыс орнында 308 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберу жоспарланған. Қазіргі уақытта 175 адам (жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша - 128 адам, жұмыс берушінің жұмыс орнында - 47 адам) жұмысшы кадрларды кәсіптік оқытуға жіберілді.
Еnbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн-оқытуға 739 адам жіберілді, оның 671-і сертификат алды.
Кәсіпкерлік негіздеріне 1235 адам оқытылды.
Халықтың әлеуметтік осал топтарының жаңа бизнес идеяларын іске асыруға өз ісін ашуға жағдай жасау үшін 97,4 млн. теңге сомасына 71 грант (жоспарда 402,9 млн.теңге сомасына 292 грант) берілді.
Жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесуге 130 адамға несие беру үшін 650 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді, 105,7 млн.теңге 24 адамға шағын микрокредит берілді.
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау 2 973 қатысушыны жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді: әлеуметтік жұмыс орындарына 267 қатысушы (жоспарда - 228 адам), жастар тәжірибесіне 136 қатысушы (жоспарда - 976 адам), қоғамдық жұмыстарға 2263 қатысушы (жоспарда - 2184 адам), «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 116 адам (жоспарда -318 адам), «Күміс жас» жобасына 186 адам (жоспарда - 210 адам) және «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 5 адам (жоспарда -16 адам) адам жіберілді.
Коныс аудару
Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.
2023 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.
Ұлттық жобана сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірлерінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Жетісу, Түркістан облыстарынан және Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан) қоныс аударушылардың 758 отбасын (2660 адам) қабылдау жоспарланған.
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 899 адамнан тұратын 257 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға көшуге арналған субсидия және тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Осы отбасылар Астана қаласынан – 79 отбасы (230 адам), Түркістан облысынан – 69 отбасы (288 адам), Алматы облысынан - 25 отбасы (80 адам), Шымкент қ. – 27 отбасы (122 адам), Жамбыл облысынан – 19 отбасы (49 адам), Қызылорда облысынан – 10 отбасы (42 адам), Алматы қ. – 10 отбасы (25 адам), Маңғыстау облысынан – 10 отбасы (50 адам) және Жетісу облысынан - 8 отбасы (13 адам) көшіп келді.
Келген 899 адамның арасынан 411-і еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың ішінде: (151 адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылды, 18 адам өз ісімен айналасады), 454-і бала, 20-ы зейнеткер және 14-уі студент.
Қандастар бойынша
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жалпы саны 103 адамнан тұратын 76 этникалық қазақ отбасы келді, оның ішінде Ресейден – 60 отбасы (70 адам), Қытайдан – 5 отбасы (16 адам), Өзбекстан Республикасынан – 6 отбасы (12 адам), Монғолиядан – 4 отбасы (4 адам) және Ираннан – 1 отбасы (1 адам) келді.
Қоныс аударған қандастардың қатарында еңбек жасындағылар саны - 57 адам.
Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 44 отбасы (82адам) енгізілді.
Квотаға енгізілген адамдар арасынан 45-і еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың ішінде: 16-ы жұмысқа орналастырылды.
Кедейлік деңгейін төмендету
Тұтастай алғанда облыс бойынша 2023 жылғы 1 маусымдағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 5,7 мың адамды құрады.
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мыналар:
- 1253 отбасындағы 5495 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 236,5 млн. теңге сомасында тағайындалды.
- 248 отбасына 4,7 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі көрсетілді. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 %-ға немесе 6 отбасына аз (2022 жылғы 01.06. – 254 отбасы).
14013 азаматқа 523,6 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,0 %-ға немесе 671 адамға артты (2022 жылғы 01.06. – 13342 адам).
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау
Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан 8 әлеуметтік қамту орталығы және мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыс аумағында 39 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі — МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Бекітілген бюджетке сәйкес 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы:
413 мүгедектер арбасын алу жоспарланып, (176 кресло-арба сатып алынды);
432 сурдо-техникалық құрал, (187 құрал сатып алынды);
447 тифло-техникалық құрал сатып алу жоспарланып, (275 құрал сатып алынды);
2595 протездік-ортопедиялық құралын сатып алу жоспарланып, (721 құрал сатып алынды).
5 адам кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз етілді.
Кеңейтілген тізбе бойынша 2004 іс-шара (протездік ортопедиялық көмек, сурдо, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар бойынша қосымша құралдар) жоспарланып, 1366 іс-шара орындалды.
773 адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып, 217 адам қамтамасыз етілді.
Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
Ағымдағы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 997 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.
526 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде:
- жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 296 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі;
- 230 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.