Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру.
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс - шараларды іске асыру Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы (бұдан әрі- Жоба) шеңберінде жүзеге асырылады.
Жалпы, жұмыспен қамту іс-шараларына 6 711 адам қатысты, оның ішінде 4 759 адам немесе 71%-ы ауылдық жердің тұрғындары болып табылады.
Жоба шеңберінде барлығы 5 087 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде дерекқордағы бос жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 2 531 адам жұмысқа орналастырылды.
2023 жылы кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне дағдыларды дамыту үшін жұмыс берушілердің өтінімдер бойынша және солардың жұмыс орнында 308 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберу жоспарланған. Қазіргі уақытта 128 адам (жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша - 90 адам, жұмыс берушінің жұмыс орнында - 38 адам) жұмысшы кадрларды кәсіптік оқытуға жіберілді.
Еnbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн-оқытуға 461 адам жіберілді, оның 410-і сертификат алды.
Кәсіпкерлік негіздеріне 963 адам оқытылды.
Халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағылардың жаңа бизнес идеяларын іске асыруы бойынша өз ісін ашуға жағдай жасау үшін 97,4 млн. теңге сомасына 71 грант (жоспарда 402,9 млн.теңге сомасына 292 грант) берілді.
Жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесуге 130 адамға несие беру үшін 650 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді, 14 адамға микрокредиттер мақұлданды.
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау 2 556 қатысушыны жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді: әлеуметтік жұмыс орындарына 247 қатысушы (жоспарда - 228 адам), жастар тәжірибесіне 115 қатысушы (жоспарда - 976 адам), қоғамдық жұмыстарға 1918 қатысушы (жоспарда - 2184 адам), «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 96 адам (жоспарда -318 адам), «Күміс жас» жобасына 176 адам (жоспарда - 210 адам) және «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 4 адам (жоспарда -16 адам) жіберілді.
Коныс аудару
Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.
2023 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.
Ұлттық жобана сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірлерінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Жетісу, Түркістан облыстарынан және Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан) қоныс аударушылардың 758 отбасын (2660 адам) қабылдау жоспарланған.
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 482 адамнан тұратын 147 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға көшуге арналған субсидия және тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидиялар төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Осы отбасылар Астана қаласынан – 47 отбасы (139 адам), Түркістан облысынан – 38 отбасы (134 адам), Алматы облысынан - 12 отбасы (32 адам), Шымкент қ. – 16 отбасы (72 адам), Жамбыл облысынан – 13 отбасы (32 адам), Қызылорда облысынан – 6 отбасы (21 адам), Алматы қ. – 8 отбасы (21 адам), Маңғыстау облысынан – 5 отбасы (25 адам) және Жетісу облысынан - 2 отбасы (6 адам) көшіп келді.
Келген 482 адамның арасынан 224-і еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың ішінде: (114 адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылды, 6 адам өз ісімен айналасады), 242-сі бала, 9-ы зейнеткер және 7-уі студент.
Қандастар бойынша
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жалпы саны 84 адамнан тұратын 59 этникалық қазақ отбасы келді, оның ішінде Ресейден – 47 отбасы (57 адам), Қытайдан – 5/16, Өзбекстан Республикасынан – 4/8, Монғолиядан – 2 отбасы (2 адам) және Ираннан – 1 отбасы (1 адам) келді.
Қоныс аударған қандастардың қатарында еңбек жасындағылар саны - 45 адам.
Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 25 отбасы (48 адам) енгізілді.
Квотаға енгізілген адамдар арасынан 23-і еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың ішінде: 10-ы жұмысқа орналастырылды.
Кедейлік деңгейін төмендету
Тұтастай алғанда, 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облыс бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 5,5 мың адамды құрады.
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша:
- 5001 адамнан тұратын 1132 отбасына 189,8 млн. теңге сомасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
- 246 отбасына 3,3 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі көрсетілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасылар саны 3,1 %-ға немесе 8 отбасына азайған (2022 жылғы 01.05. – 254 отбасы).
Мереке күндеріне және атаулы күндерге орай, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайдағы 11895 азаматқа 388,8 млн. теңге сомасына әлеуметтік көмек көрсетілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, ағымдағы жылдың басынан бері облыс бойынша әлеуметтік көмек алушылар саны 50,2 %-ға немесе 3976 адамға артты (2022 жылғы 01.05. – 7919 адам).
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау
Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын 8 әлеуметтік қамту орталығы және Мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталығы жатады.
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедектігі бар адамдарға, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаларға қызмет көрсетеді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) абилитация және оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Бекітілген 2023 жылға арналған республикалық бюджетке сәйкес Әлеуметтік қызметтер порталы мен мемлекеттік сатып алулар арқылы:
413 мүгедектігі бар адамдар арбасын (149 кресло-арба сатып алынды);
432 сурдо-техникалық құрал (141 құрал сатып алынды);
447 тифло-техникалық құрал (265 құрал сатып алынды);
2595 протездік-ортопедиялық құралын сатып алу жоспарланып (556 құрал сатып алынды) отыр.
5 адамды кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Кеңейтілген тізбе бойынша 2004 іс-шара (протездік - ортопедиялық көмек, сурдо, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар бойынша қосымша құралдар) жоспарланып (1205 құрал сатып алынды).
773 адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр (110 адам қамтамасыз етілді).
Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
Ағымдағы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 887 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.
519 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде:
- жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 293 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі;
- 226 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.