2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы
10 наурыздағы № 54 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасы әзірленді.
Басқарма Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексіне және учаскелік комиссиялар туралы Үлгілік ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 167 бұйрығымен бекітілген өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарына сәйкес облыс әкімдігінің «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 167 бұйрығымен бекітілген учаскелік комиссиялар, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау критерийлері».
«Мансап орталығы» ұғымы енгізіледі, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмектің немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес берілетін әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттігі немесе қажеттігінің жоқтығы туралы қорытынды уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарын ескере отырып дайындалатын болады.