2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты «Учаскелік комиссиялар туралы ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасы әзірленді.
Қаулының жобасы «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 167 бұйрығының негізінде әзірленді.
«Мансап орталығы» ұғымы енгізіледі, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмектің немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес берілетін әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттігі немесе қажеттігінің жоқтығы туралы қорытынды уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарын ескере отырып дайындалатын болады.