Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру.
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс - шараларды іске асыру Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы (бұдан әрі- Жоба) шеңберінде жүзеге асырылады.
Жалпы жұмыспен қамту іс-шараларына 4 938 адам қатысты, оның ішінде 3 239 адам немесе 66%-ы ауылдық жердің тұрғындары болып табылады.
Жоба шеңберінде барлығы 3 652 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде дерекқордағы бос жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 1 603 адам жұмысқа орналастырылды.
2023 жылы кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне дағдыларды дамыту үшін жұмыс берушілердің өтінімдер бойынша және солардың жұмыс орнында 308 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберу жоспарланған. Қазіргі уақытта 86 адам (жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша - 56 адам, жұмыс берушінің жұмыс орнында - 30 адам) жұмысшы кадрларды кәсіптік оқытуға жіберілді.
Еnbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн-оқытуға 371 адам жіберілді, оның 331-і сертификат алды.
Кәсіпкерлік негіздеріне 758 адам оқытылды.
Халықтың әлеуметтік осал топтарының жаңа бизнес идеяларын іске асыруға өз ісін ашуға жағдай жасау үшін 97,4 млн. теңге сомасына 71 грант (жоспарда 402,9 млн.теңге сомасына 292 грант) берілді.
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау 2 049 қатысушыны жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді: әлеуметтік жұмыс орындарына 232 қатысушы (жоспарда - 228 адам), жастар тәжірибесіне 97 қатысушы (жоспарда - 976 адам), қоғамдық жұмыстарға 1486 қатысушы (жоспарда - 318 адам), «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 76 адам (жоспарда -318 адам), «Күміс жас» жобасына 156 адам (жоспарда - 210 адам) және «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 2 адам (жоспарда -16 адам) адам жіберілді.
Жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесуге 130 адамға несие беру үшін 650 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.
Коныс аудару
Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.
2023 жылда «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.
Ұлттық жоба аясында сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Түркістан облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан) қоныс аударушылардың 758 отбасын (2660 адам) қабылдау жоспарланған.
2023 жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша 202 адам бар 68 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға көшуге арналған субсидия және тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидияларды төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Осы отбасылар келесі областардан көшіп келді: Астана қаласынан – 26 отбасы (73 адам), Түркістан облысынан – 18 отбасы (49 адам), Алматы облысынан - 4 отбасы (14 адам), Шымкент қ. – 2 отбасы (13 адам), Жамбыл облысынан – 5 отбасы (8 адам), Қызылорда облысынан – 4 отбасы (16 адам), Алматы қ. – 5 отбасы (15 адам), Маңғыстау облысынан – 2 отбасы (8 адам) және Жетісу облысынан - 2 отбасы (6 адам).
Келген 202 адамның арасынан 110 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың ішінен: 42 адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылды,
5 адам өз ісімен айналасады, 85 бала, 5 зейнеткер және 2 студент көшіп келді.
Қандастар бойынша
2023 жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша жалпы саны 73 адаммен 50 этникалық қазақ отбасы келіп, соның ішінде елдер бойынша Ресейден – 40 отбасы (50 адам), Қытайдан – 5/16, Өзбекстан Республикасынан – 1/3, Монғолиядан – 3 отбасы ( адам) және Ираннан – 1 отбасы (6 адам) келді.
Қоныс аударған қандастардың қатарында еңбек жасындағылар 41 адам.
Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 17 отбасы (28 адам) енгізілді.
Квотаға енгізілген адамның арасынан: 16 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың ішінен: 4 адам жұмысқа орналастырылды.
Кедейлік деңгейін төмендету
Тұтастай алғанда облыс бойынша 2023 жылғы 1 сәуірдегі аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 5,0 мың адамды құрады.
2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мыналар:
- 1089 отбасындағы 4819 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 123,5 млн. теңге сомасында тағайындалды.
- 241 отбасына 2,9 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі көрсетілді. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4 %-ға немесе
11 отбасына аз (2022 жылғы 01.04. – 252 отбасы).
8400 азаматқа 270,9 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 147,5 %-ға немесе 5006 адамға артты (2022 жылғы 01.04. – 3394 адам).
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау
Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан 8 әлеуметтік қамту орталығы және мүгедектегі бар адамдар сауықтыру орталығы жатады.
20232 жылғы 1 cәруірдегі жағдай бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедектігі бар адамдар, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Бекітілген 2023 жылға арналған республикалық бюджетке сәйкес Әлеуметтік қызметтер порталы мен мемлекеттік сатып алулар арқылы:
413 мүгедектер арбасын алу жоспарланып, 104 кресло-арба сатып алынды;
432 сурдо-техникалық құрал, 112 құрал сатып алынды;
447 тифло-техникалық құрал сатып алу жоспарланып, 138 құрал сатып алынды;
2595 протездік-ортопедиялық құралын сатып алу жоспарланып, 336 құрал сатып алынды.
5 адамды кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Кеңейтілген тізбе бойынша 2004 іс-шара (протездік - ортопедиялық көмек, сурдо, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар бойынша қосымша құралдар)жоспарланып, 768 іс-шара орындалды.
773 адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып, 50 адам қамтамасыз етілді.
Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 653 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 513 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 292 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі және 221 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.