Меню

Страницы

Статья

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының 2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі есебі

Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту», «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту», сондай-ақ 2021 жылдан бастап «Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту»,  «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу».

Басқарма барлығы 413 қызмет көрсетті, оның ішінде: 5 – электрондық түрде, 315 – қағаз түрінде, 93-қағаз түрінде «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы арқылы.

«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе Басқарма арқылы көрсетіледі. 

«Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету стандартта көзделмеген.

2021 жылы «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша басқарма 93 қызмет көрсетті.

«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» және «Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері «Е – лицензиялау» арқылы (толық автоматтандырылған).

2021 жылы «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша басқарма 5 қызмет көрсетті.

«Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету көрсетілетін қызметті беруші, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, халықты жұмыспен қамту орталықтары және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көзделген, бұл ретте бүгінгі күні порталда техникалық себептер бойынша қызмет қолжетімді емес.

2021 жылдың басынан бастап «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу» мемлекеттік қызметіне басқарма 315 қызмет көрсетті (оның ішінде қандастар бойынша – 32, қоныс аударушылар бойынша - 283).

«Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметін «Е – лицензиялау» арқылы көрсету (толық автоматтандырылған). Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі-6 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама болып табылады.

2021 жылы жоғарыда аталған қызметті алуға өтінімдер түскен жоқ.

Жалпы, мемлекеттік қызметтер уақтылы көрсетіледі, мерзімдерді бұзу анықталған жоқ, шағымдар түскен жоқ.

Дата публикации
28 марта 2023
Дата обновления
28 марта 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы