Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту», «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» және 2021 жылдан бастап «Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасуға арналған біліктіліктер сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту», «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу».
«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕаҚ немесе Басқарма арқылы көрсетіледі, «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету стандартта көзделмеген.
2022 жылдың басынан бастап «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша басқарма 190 қызмет көрсетті.
«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» және «Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері «Е – лицензиялау» арқылы (толық автоматтандырылған), көрсету кезінде проблемалар туындамайды.
2022 жылдың басынан бастап «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша басқарма 11 қызмет көрсетті.
«Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету көрсетілетін қызметті беруші, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, Халықты жұмыспен қамту орталықтары және «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көзделген.
2022 жылдың басынан бастап «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу» мемлекеттік қызметі бойынша басқарма 792 қызмет көрсетті (оның ішінде қандастар бойынша – 65, қоныс аударушылар бойынша - 727).
Басқарма барлығы 928 қызмет көрсетті, оның ішінде: 11 – электронды түрде, 727 – қағаз түрінде, 190-қағаз түрінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕаҚ арқылы.
Басқарманың интернет-ресурсында Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы арқылы «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету туралы ақпарат орналастырылған.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтер және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы Н.Д. Тасқұлова 2022 жылғы 17-21 қаңтар аралығында Петропавл қаласының №1 «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалында тағылымдамадан өтті.
2022 жылғы 28 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің, Халыққа қызмет көрсету орталығының, Петропавл қаласының халықты жұмыспен қамту бөлімінің өкілдері қатысты, халықты қамту-65 адам.
2022 жылғы 6 мамырдан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР цифрлық даму инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арасындағы бірлескен бұйрыққа сәйкес «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.
2022 жылғы қыркүйекте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту», «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу», «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай – ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыруға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызметтері және босқын мәртебесін беру, ұзарту, айыру және тоқтату бойынша функциясына қатысты ұсыныстар жіберілді.
2022 жылғы 13 желтоқсанда «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарымен және СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетуге қатысты, сондай-ақ аудандар мен Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері көрсететін «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша әдіснамалық көмек көрсету бойынша бейне-конференция өткізілді.
Сондай-ақ, 2022 жылдың желтоқсанында СҚО әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Р.С. Елжасов басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтерге қатысты «Сарапшы пікірі» бағдарламасына қатысты.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
Қызмет берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсеткен мемлекеттік қызметтердің сапасына басқарма басшысының атына шағымдар түскен жоқ.