Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 тамызда № 14149 болып тіркелді.
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2020 № 204 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) тіркелген осы бұйрық алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының |
Т. Дүйсенова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
__________________Д. Абаев
2016 жылғы 26 шілде
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
__________________Е. Сағадиев
2016 жылғы 8 шілде
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
__________________Ж. Қасымбек
2016 жылғы 20 шілде
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
__________________А. Мұхамедиұлы
2016 жылғы 30 маусым
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
__________________Е. Ыдырысов
2016 жылғы 29 маусым
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
__________________Қ. Қасымов
2016 жылғы 27 маусым
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
__________________Қ. Бозымбаев
2016 жылғы 16 маусым
|
|
Қазақстан Республикасы |
Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2020 № 537 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында жұмысқа өз бетінше орналасу үшін экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлеріндегі) сұранысқа ие кәсіптер бойынша біліктілік талаптары және білім деңгейі сәйкес келетін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға берілетін белгіленген нысандағы құжат;
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету бойынша функцияларды орындауға облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері уәкілеттік берген мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган);
3) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.
2-тарау. Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту тәртібі
Анықтама беру туралы өтініш беретін шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның білім деңгейі (кәсіби даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 117-бабының 2-тармағына сәйкес кәсіптік стандарттарға, Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйым басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес біліктілік талаптарына жауап беруге тиіс.
1) білімі:
экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша жоғары білімі – 3 балл;
экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша ғылыми дәрежесі – 4 балл;
ағылшын тілін оқыту үшін берілген сертификат – 3 балл.
2) жұмыс өтілі:
экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша жұмыс өтілі:
1 жылдан 3 жылға дейін – 2 балл;
3 жылдан 10 жылға дейін – 4 балл;
10 жылдан жоғары – 6 балл.
Шетелдік және азаматтығы жоқ адам тегі, аты, әкесінің аты, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға не Мемлекеттік корпорация немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы аталған мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, анықтаманы қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықтаманы жаңа нөмір бере отырып қайта ресімдейді.
Анықтама жоғалған, бүлінген жағдайда жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде анықтаманы береді.
Бұл ретте берілген аңықтама жоғалған немесе бүлінген анықтаманың түпнұсқасында көрсетілген мерзім өткенге дейін қолданылады.
Жоғалған, бүлінген анықтамалар шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам оның жоғалғаны, бүлінгені туралы "электрондық үкімет" веб-порталына өтініш берген күннен бастап жарамсыз болып саналады.
Жергілікті атқарушы органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
1) оның берілген мерзімі аяқталған;
2) берілген анықтама кері қайтарылып алынған;
3) Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның анықтамаға сәйкес келмейтін кәсіп бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруы анықталған жағдайларда тоқтатылады.
|
|
Өз бетінше жұмысқа орналасуы |
|
|
Нысан |
|
|
____________________________ |
ӨТІНІШ
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
("Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14149 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес кәсіп, экономика саласы (экономикалық қызмет түрі) көрсетіледі) кәсібі бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беруді/ұзартуды сұраймын.
Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беру үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Өтінішке:
1)__________________________________________
2)__________________________________________
3)__________________________________________
қоса беріледі.
Өтініш берілген күн: 20_жылғы "__" ___________
Өтініш берушінің қолы _______________________
|
|
Өз бетінше жұмысқа орналасуы |
|||
|
"Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
|
|||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары (қол жеткізу арналары) |
"Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz, www. elicense.kz |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Үш айға дейінгі мерзімге анықтама беру - 6 (алты) жұмыс күні ішінде (өтініш тіркелген күннен бастап). |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық түрде |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі |
Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама не осы стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәждемелі жауап. |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері |
Тегін |
|
|
|
7 |
Жұмыс кестесі |
Портал жұмыс қызмет кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (жұмыс күні аяқталғаннан кейін өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
|
|
|
8 |
Құжаттар тізбесі |
1. Аңықтама беру үшін: |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1. Басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) тізбесінде көзделген экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) талап етілетін кәсіптерге қойылатын біліктілік талаптарына және білім деңгейіне қойылатын талаптарға және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды өз бетінше жұмысқа орналастыру үшін оларда талап етілетін кәсіптерге қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі; |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты біріңғай байланыс орталығы - "1411" арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
|
|
|
|
Өз бетінше жұмысқа орналасуы |
|||
________________________________________________________________ облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органының атауы Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы АНЫҚТАМА
№ _____ 20__ жылғы "__" __________
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
______________________________________________________________
Қазақстан Республикасында экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие мынадай кәсіп бойынша өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін біліктілік талаптарына және білім деңгейіне сәйкестігі үшін берілді:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
("Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14149 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіп, сала көрсетіледі).
Анықтаманы беру үшін негіздеме__________________________________
Анықтаманың қолданылу мерзімі__________ бастап______________ дейін
(күні, айы, жылы) (күні, айы, жылы)
М.О. __________________ _______________
(тегі, аты-жөні) (қолы)
|
|
Қазақстан Республикасы |
Шетелдік жұмыскерлердің өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым
салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы
сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
|
№ |
Экономиканың басым салалары |
Экономикалық қызмет түрі |
Кәсіптер |
|
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
|
|
1. |
Білім беру |
Жалпы орта білім |
1. Мұғалім – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 6 және 7 - біліктілік деңгейлері (білім беру ұйымында атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: |
|
|
|
Техникалық және кәсіптік орта білім |
1. Оқытушы – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 6 және 7 - біліктілік деңгейлері (білім беру ұйымында атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: |
|
|||
|
Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім |
1. Оқытушы, ғылыми қызметкер – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 - біліктілік деңгейлері (білім беру ұйымында атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: |
|
|||
|
2. |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер ұсыну |
Денсаулық сақтау саласындағы қызмет |
1. Анестезиолог-реаниматолог дәрігер |
|
|
|
3. |
Жылжымайтын мүлікпен орындалатын операциялар, жалға алу және тұтынушыларға қызметтер ұсыну |
Есептеуіш техникамен байланысты қызмет |
1. Бағдарламалық өнімдерді қолдау жөніндегі маман (компьютерлік арнайы эффектер жөніндегі маман, электроника және ақпараттық технологиялар жөніндегі маман, анимация және компьютерлік графика жөніндегі маман) |
|
|
|
|
|||||
|
4. |
Коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызметтер ұсыну |
Демалыс пен ойын-сауықты, мәдениет пен спортты ұйымдастыру саласындағы қызмет |
1. Әртіс |
|
|
|
5. |
Көлік және байланыс |
Теміржол көлігі қызметі |
1. Зауыттағы инспектор- қабылдаушы (теміржол өнімін) |
|
|
|
Әуе көлігі қызметі |
1. Авиациядағы инженер-конструктор |
|
|||
|
Теңіз көлігі қызметі |
1. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: |
|
|||
|
6. |
Өңдеу өнеркәсібі |
Металлургия өнеркәсібі мен дайын металл бұйымдары өндірісі |
1. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: |
|
|
|
Кокс, мұнай өнімдері және ядролық материалдар өндірісі |
1. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: |
|
|||
|
Сусындар мен темекіні қоса алғанда, тамақ өнімдері өндірісі |
1. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: |
|
|||
|
Химия өнеркәсібі және мұнайгаз-химия |
1. Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жөніндегі инженер |
|
|||
|
Машина мен жабдықтар өндірісі |
1. Бас инженер |
|
|||
|
Электр жабдығы, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісі |
1. Бас инженер |
|
|||
|
Басқа металл емес минералдық өнімдер өндірісі |
1. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар: |
|
|||
|
|
|
||||
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК