Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 тамызда № 14170 болып тіркелді.
РҚАО-ның ескертпесі!
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 № 138 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) 2) 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2016 № 1069 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
Қазақстан Республикасының |
|
|
Денсаулық сақтау және |
|
|
әлеуметтік даму министрінің |
|
|
міндетін атқарушы |
Е. Біртанов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
____________________ М. Құсайынов
2016 жылғы 1 тамыз
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы "___" ________________
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
____________________ Қ. Қасымов
2016 жылғы 14 шілде
|
|
Қазақстан Республикасы |
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары
Ескерту. Қағидалары мен шарттары жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.04.2020 № 138 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1) бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету бойынша функцияларды орындауға облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері уәкілеттік берген мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган);
3) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
4) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;
5) маусымдық шетелдік жұмыскерлер – "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін кәсіптер тізбесіне сәйкес климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер бір жылдан аспайтын мерзімге жұмысқа тартатын көшіп келушілер;
6) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
8) шетелдік жұмыскер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын көшіп келуші;
9) шетелдік жұмыс күші – маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоса алғанда, жұмыс берушілер еңбек қызметін жүзеге асыру үшін, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартатын шетелдік жұмыскерлер;
10) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушінің тартуына рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің шекті саны;
11) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) – Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге жергілікті атқарушы орган беретін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы құжат.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2020 № 386 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру тәртібі мен шарттары
1-параграф. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту тәртібі мен шарттары
1) бірінші санат – бірінші басшылар мен олардың орынбасарлары;
2) екінші санат – кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшелер басшылары;
3) үшінші санат – кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандар;
4) төртінші санат – кәсіптік стандарттарда, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар.
Жұмыс беруші еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жұмыс беруші құжаттарды берген кезде жұмыс берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді жұмыс беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Құжаттар толық көлемде ұсынылмаған және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында көзделген қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынылған жағдайда, жергілікті атқарушы орган белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан негізді бас тартуды ресімдейді. (ұсынылмаған және (немесе) Қағидаларға сәйкес нысан бойынша толтырылмаған және өзге де сәйкессіздіктері бар құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып).
Жергілікті атқарушы орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан негізді бас тарту өтініш берушіге ЭҮП "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Құжаттар толық болған жағдайда олар шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына беріледі.
Жергілікті атқарушы орган шешімді жергілікті атқарушы орган құратын комиссия ұсынымдарының негізінде қабылдайды.
Комиссияның әрбір отырысы барысында жұмыс берушілердің өтініштерін қараудың бейнежазбасы жүргізіледі.
Рұқсат беру және ресімдеу кезінде міндеттемелерді жұмыс берушімен келісу осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
12-1. Маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсаттарды беру "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21-1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағидалары мен шарттары 12-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2020 № 386 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) Қазақстан Республикасы азаматтар санының бірінші және екінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 70%-ын;
2) Қазақстан Республикасы азаматтар санының үшінші және төртінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 90%-ын құрауы шарттарын сақтаған кезде рұқсат беруді және (немесе) ұзартуды жүзеге асырады.
Қадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу кезінде шетелдік жұмыскерлер қатарында 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары есептелмейді.
Жұмыс беруші кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
1) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;
2) мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға;
3) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес өз бетінше жұмысқа орналасу үшін Қазақстан Республикасына келген шетелдік жұмыскерге;
4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде шығу елдері бойынша квота шеңберінде берілген рұқсаттарға;
5) шетелдік заңды тұлғалардың жұмыскерлерінің саны 30 адамнан аспайтын өкілдіктері мен филиалдарына қолданылмайды.
Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға алымды енгізгенін растайтын құжаттарды бермеген кезде жергілікті атқарушы органның рұқсат беру туралы шешімі, сондай-ақ рұқсаттың қолданысы осы Қағидалардың 37-тармағының 5) тармақшасына сәйкес тоқтатылады.
Бас тарту туралы хабарлама осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ-сы арқылы қол қойылған электрондық құжат нысанында жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.
1) бірінші санат үшін – жұмыс берушінің өтініші негізінде рұқсат мерзімін бір, екі немесе үш жылға ұзарту құқығымен бір, екі немесе үш жылға;
2) екінші және үшінші санаттар үшін – он екі ай мерзімге, бірақ үш реттен артық емес ұзартумен он екі айға;
3) төртінші санат үшін – ұзарту құқығынсыз он екі айға;
4) маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін – ұзарту құқығынсыз күнтізбелік тоқсан, жүз сексен, екі жүз жетпіс, үш жүз алпыс бес күнге дейінгі мерзімге беріледі.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакция – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2020 № 386 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) бөлінген квотаның мөлшерінен асып кеткен;
2) жұмыс беруші осы Қағидалардың 16-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған;
3) төртінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін алмастыру жөніндегі міндеттемелерді орындамаған;
4) жұмыс берушінің шетелдік жұмыскерлерді рұқсатсыз тарту, сондай-ақ шетелдік жұмыскердің рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіпке немесе мамандыққа тартылуы фактісі анықталған жағдайларда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілмейді. Мұндай жағдайда осындай факт анықталған күннен бастап он екі ай бойы жаңа рұқсаттар берілмейді;
5) шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіби даярлығы) және практикалық жұмыс тәжірибесі (еңбек өтілі) кәсіптік стандарттарға, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес жұмысшы кәсіптеріне және басшылар, мамандар және қызметшілер лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілмейді және ұзартылмайды.
Бұл ретте жұмыс беруші жергілікті атқарушы органға рұқсат қайта ресімделетін шетелдік жұмыскерге осы Қағидаларда көзделген құжаттарды жібереді. Осы Қағидалардың 37-тармағы 6) тармақшасына сәйкес бастапқыда берілген рұқсаттың қолданысы тоқтататылуға тиіс.
Жергілікті атқарушы органның рұқсатты қайта ресімдеу бойынша қабылдаған шешімі туралы хабарлама жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ-сы арқылы қол қойылған электрондық құжат нысанында жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Жергілікті атқарушы орган рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда рұқсат он екі айға ұзартылады, бұл ретте рұқсаттың қолданылу мерзімі бұрын берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған күні басталады.
Рұқсатты ұзарту туралы шешім қабылдауды жергілікті атқарушы орган Комиссия отырысында қарамай жүзеге асырады.
28-1. Мынадай:
1) бөлінген квотаның мөлшерінен асып кеткен;
2) жұмыс беруші осы Қағидалардың 16-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған;
3) төртінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін алмастыру жөніндегі міндеттемелерді орындамаған;
4) жұмыс берушінің шетелдік жұмыскерлерді рұқсатсыз тарту, сондай-ақ шетелдік жұмыскердің рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіпке немесе мамандыққа тартылуы фактісі анықталған жағдайларда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілмейді. Мұндай жағдайда осындай факт анықталған күннен бастап он екі ай бойы рұқсаттардың мерзімдері ұзартылмайды.
Ескерту. Қағидалары мен шарттары 28-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2020 № 386 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
Бұл ретте жұмыс берушінің рұқсат алынған шетелдік жұмыскерлерді өзге әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағындағы кәсіпорындарға, ұйымдарға күнтізбелік бір жыл ішінде жиынтығы күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге іссапарға жіберуіне жол беріледі.
Рұқсат беру осы Қағидалардың 8, 11, 13, 20, 21 және 24-тармақтарында белгіленген тәртіппен айқындалады.
Қағидалардың осы тармағына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезеңіндегі еңбек қатынастары шетелдік жұмыскер мен шетелдік жұмыскерді уақытша ауыстыру жүзеге асырылатын заңды тұлға-жұмыс берушінің арасында жасалған құжатпен (ауыстыру туралы хатпен немесе келісіммен) реттеледі.
Бұл ретте жергілікті атқарушы орган саны осы Қағидалардың 16-тармағында белгіленген пайыздық қатынастан асатын соңғы берілген рұқсаттарды кері қайтарып алады.
1) ол берілген мерзім аяқталған;
2) рұқсат кері қайтарып алынған;
3) жеке тұлға – жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, заңды тұлға – жұмыс беруші таратылған;
4) жұмыс беруші рұқсатты жергілікті атқарушы органға өз еркімен қайтарған;
5) рұқсатты бергені және ұзартқаны үшін алымды төлегенін растайтын құжаттардың көшірмелерін енгізбеген;
6) рұқсатты басқа шетелдік жұмыскерге қайта ресімдеген жағдайларда тоқтатылады.
Жергілікті атқарушы орган осы тармақтың 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көзделген рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ІІМ) облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалардағы аумақтық органына рұқсат қолданысының тоқтатылғаны туралы ақпарат жолдайды.
2-параграф. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асырылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту шарттары мен тәртібі
1) басшылар;
2) менеджерлер;
3) мамандар.
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын басшылар мен менеджерлердің лауазымдары Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, сондай-ақ 01-99 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес басшылар лауазымдары үшін белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын мамандардың лауазымдары Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, сондай-ақ 01-99 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандар лауазымдары үшін белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру туралы өтінішін қабылдауды бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтер берілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен ерте емес және күнтізбелік алпыс күннен асырмай жүзеге асырады.
Жұмыс беруші еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жұмыс беруші құжаттарды берген кезде жұмыс берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес Комиссия ұсынымдарының негізінде шешім қабылдайды.
1) Қазақстан Республикасының азаматтарын тартылатын шетелдік жұмыскердің мамандығы бойынша кәсіптік даярлау;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарын тартылатын шетелдік жұмыскердің мамандығы бойынша қайта даярлау;
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының біліктілігін арттыру;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін шетелдік жұмыскерлер тартылатын мамандықтар бойынша қосымша жұмыс орындарын құру.
менеджерді – жұмыс беруші осы Қағидалардың 51-тармағында көзделген шарттардың бірін таңдайды;
маманды – жұмыс беруші осы Қағидалардың 51-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген шарттардың бірін таңдайды.
осы Қағидалардың 51-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген ерекше шарттарын орындау рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде жүргізіледі;
осы Қағидалардың 51-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген ерекше шарттарын орындау рұқсаттың қолданылу мерзімінің алғашқы алты айы ішінде басталады.
Жұмыс беруші корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
1) жұмыс беруші осы Қағидалардың 57-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған;
2) жұмыс берушінің шетелдік жұмыскерлерді рұқсатсыз тарту, сондай-ақ шетелдік жұмыскерді рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіпке немесе мамандыққа тарту фактісі анықталған жағдайда берілмейді. Мұндай жағдайда осындай факт анықталған күннен бастап он екі ай бойы жаңа рұқсаттар берілмейді;
3) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарын (бар болса) орындамаған;
4) шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) осы Қағидалардың 41 және 42-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеген;
5) кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарламада көзделген шараларды (шарттарды) орындамаған жағдайларда берілмейді.
Қайта ресімделген рұқсат бастапқыда берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қалған мерзімге беріледі.
Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2020 № 386 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) шетелдік жұмыскерді рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша тартқан;
2) жұмыс беруші осы Қағидалардың 57-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған жағдайларда қолданыстағы корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты кері қайтарып алуды жүргізеді. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган саны осы Қағидалардың 57-тармағында белгіленген пайыздық қатынастан асатын соңғы берілген рұқсаттарды кері қайтарып алады.
Жергілікті атқарушы орган рұқсатты кері қайтарып алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ҚР ІІМ облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органына осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес кері қайтарып алынған шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар туралы ақпарат жолдайды.
Еңбек шарты болмаған кезде корпоративішілік ауыстыру мерзімі корпоративішілік ауыстыру туралы хатта немесе келісімде (шартта), бірақ бір реттен асырмай он екі айға ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын мерзім болып айқындалады.
1) ол берілген мерзім аяқталған;
2) рұқсат кері қайтарып алынған;
3) жеке тұлға – жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, заңды тұлға – жұмыс беруші таратылған;
4) жұмыс беруші рұқсатты жергілікті атқарушы органға өз еркімен қайтарған жағдайларда тоқтатылады.
1) корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін жұмыскерлерді есепке алуды жүргізеді;
2) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органды, сондай-ақ еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдік жұмыскерлер туралы хабардар етеді.
Жергілікті атқарушы орган өтінішті қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде рұқсатты жаңа нөмір бере отырып қайта ресімдейді.
Жергілікті атқарушы органның рұқсатты қайта ресімдеу бойынша қабылдаған шешімі туралы хабарлама жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ-сы арқылы қол қойылған электрондық құжат нысанында жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Бұл ретте жұмыс беруші жергілікті атқарушы органға шетелдік жұмыскердің келмегені туралы хабарлама жібереді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Жергілікті атқарушы органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда жұмыс беруші мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
|
|
Жұмыс берушілерге шетелдік |
|
|
нысан |
_______________________________________________________________
(рұқсат беруші органның толық атауы)
Шетелдік жұмыс күшін тартуға РҰҚСАТ
20 __ жылғы "___" _________ № ____
Жұмыс беруші
_______________________________________________________________
(заңды тұлға үшін: атауы, мекенжайы,
_______________________________________________________________
тіркеу нөмірі, тіркелген күні, бизнес сәйкестендіру нөмірі;
_______________________________________________________________
жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру
нөмірі, үйінің мекенжайы)
_______________________________________________________________
Рұқсат қолданылатын аумақ ______________________________________
_______________________________________________________________
Шетелдік жұмыскер______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), санаты, лауазымы/кәсібі)
_______________________________________________________________
(паспорттың/жеке куәліктің №, берілген күні және берген орган)
Жұмыс істеу әдісі (тұрақты, вахталық)______________________________
Рұқсатты беру үшін негіздеме _____________________________________
_______________________________________________________________
Рұқсаттың қолданылу мерзімі_____________бастап ___________дейін
(күні, айы, жылы) (күні, айы, жылы)
М.О. қолы _______________________
(тегі, аты-жөні)
|
|
Жұмыс берушілерге шетелдік |
|
|
нысан |
|
|
Қайда |
|
|
Кімнен |
ӨТІНІШ
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2020 № 386 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
__________________ облысына (қаласына) ______ адамға, оның ішінде:
бірінші санат бойынша – ____ адамға,
оның ішінде лауазымдары
(кәсіптері) бойынша:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
екінші санат бойынша – ____ адамға,
оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша (рұқсаттың қолданылу мерзімін көрсету
қажет (рұқсат берілген/ұзартылған кезде):
_________________________________________________________________
үшінші санат бойынша – ____ адамға,
оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша:
__________________________________________________________________
төртінші санат бойынша – ____ адамға,
оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша:
__________________________________________________________________
маусымдық жұмыстарға – ____ адамға,
оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша (рұқсаттың мерзімін көрсету (рұқсат берген кезде)):
шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруді/ ұзартуды/ қайта ресімдеуді (қажеттінің асты сызылсын) сұраймын.
Шетелдік жұмыс күші еңбек қызметін жүзеге асыратын экономикалық қызмет түрі:
__________________________________________________________________
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде:
Облыс (қала):______________________.
Шетелдік жұмыскерлер саны: __________ адам, оның ішінде:
басшы – ___ адам,
лауазымы
_________________________________________________________________;
менеджерлер – ___ адам,
оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша:
________________________
мамандар – ___ адам,
оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша:
_________________________________________________________________
Жұмыс берушінің (қабылдаушы ұйымның) атауы:
__________________________________________________________________
Жұмыс беруші (қабылдаушы ұйым) туралы мәліметтер:
___________________________________________________________
___________________________________________________________
Ұйымның меншік нысаны
_________________________________________________________
_________________________________________________________
Құрылған күні 20___ жылғы "____" _________________.
Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелгені туралы куәлік
_________________________________________________________________
(нөмірі, қашан және кім берген)
жеке сәйкестендіру нөмірі:
___________________________________________________________,
бизнес сәйкестендіру нөмірі:
____________________________________________________________
Жүзеге асыратын қызмет түрі:
____________________________________________________________
Кәсіпкерлік субъектісінің санаты:
____________________________________________________________
(шағын/орта/ірі кәсіпкерлік субъектісі)
Мекенжайы, телефон, факс:
__________________________________________________________________
Қоса берілетін құжаттар:
__________________________________________________________________
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру/ұзарту/қайта ресімдеу
қажеттілігінің негіздемесі:
__________________________________________________________________
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік
жұмыскерлерді тартқан кезде
Шетелдік заңды тұлғаның – жұмыс берушінің толық атауы:
_________________
Резидент елде тіркелгені туралы деректер:
_____________
(мемлекеттік тіркеу №, күні және тіркеу органының атауы)
Резидент елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның аналогі:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жүзеге асыратын қызмет түрі:
_____________________
Резидент елдегі мекенжайы, телефоны:
__________________________________________________________________
Шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесі:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының 35-тармағына сәйкес шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде:
Шетелдік заңды тұлға – жұмыс берушінің толық атауы:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Резидент елде тіркелгені туралы деректер:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(мемлекеттік тіркеу №, күні және тіркеу органының атауы)
Резидент елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның аналогі:
__________
Жүзеге асыратын қызмет түрі:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Резидент елдегі мекенжайы, телефоны:
___________________________________________________________________
"Қолданыстағы Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру мен (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарымен таныстым".
"Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келесім беремін.
Басшы _________________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)
20 ___жылғы "___" _____________
Өтініш 20 ___жылғы "__" ______________ қарауға қабылданды
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жауапты адамның тегі, аты-жөні, қолы)
|
|
Жұмыс берушілерге шетелдік |
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2020 № 386 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
"Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) |
|
|||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
www. egov. kz, www. elіcense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Рұқсат беру 19 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, оның ішінде: |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (толық автоматтандырылған) |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсат, қайта ресімделген және ұзартылған рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәждемелі жауап. |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жұмыс берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы/тегін көрсетіледі. |
|
|
|
7 |
Жұмыс кестесі |
Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
|
|
|
8 |
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу немесе басқа шетелдік жұмыскерге қайта ресімдеу үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге ұажетті құжаттардың тізбесі |
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу немесе қайта ресімдеу үшін: |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін: |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Бизнес сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлық қолтанба болған кезде мемлекеттік қызметті, сондай-ақ рұқсатты беру, қайта ресімдеу және ұзарту туралы ақпаратты портал арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар. |
|
|
|
|
Жұмыс берушілерге шетелдік |
|||
|
|
нысан |
|||
кімнен ________________________________________________________
(облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласының жергілікті атқарушы
органының атауы)
кімге__________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы және мекенжайы)
______________________________________________________________
Хабарлама
(облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласының жергілікті атқарушы
органының атауы)
______________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы және мекенжайы)
шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру/ұзарту туралы шешім
қабылданғаны туралы хабарлайды.
______________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)
____________________________ үшін салық алымын енгізу талап етіледі:
(рұқсат (тар) беру немесе ұзартуды көрсету)
______________________________________________________________.
(шетелдік жұмыскердің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), санатын, кәсібін және
лауазымын, тартылатын экономикалық қызмет түрін және салық алымының сомасын
көрсету қажет)
Рұқсатты беру/ұзарту үшін салық алымын мына шотқа енгізу талап
етіледі: №_____________________, бюджеттік сыныптама коды: 105433
Салық алымының төленгені туралы он жұмыс күні ішінде
жергілікті атқарушы органға салық алымының төленгенін растайтын
құжаттың (құжаттардың) көшірмесін (көшірмелерін) енгізу жолымен хабарлау қажет.
Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні
ішінде салық алымының төленгенін растайтын құжаттың (құжаттардың)
көшірмесін (көшірмелерін) ұсынбаған жағдайда жергілікті атқарушы
органның рұқсат беру туралы шешімінің күші жойылады.
Басшы ____________________ ________ ____________________
(тегі, аты-жөні) (қолы) (күні: күні, айы, жылы)
|
|
Жұмыс берушілерге шетелдік |
Рұқсат беру және ұзарту кезіндегі міндеттемелерді жұмыс берушімен келісу нысаны
|
Р/с № |
Тартылатын шетелдік жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Жұмыс берушінің өтінішіне сәйкес тартылатын шетелдік жұмыскерлердің санаты, кәсібі (мамандығы) |
Шетелдік жұмыскерлерді алмастыру жүзеге асырылатын кәсіптің (мамандықтың) атауы |
Ерекше шарттарды орындау мерзімі |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
______________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
_______________________________________________
(қолы, тегі, лауазымы)
20 ___ жылғы "____" ________
Келісілді:
_______________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
_______________________________________________
(қолы, тегі, лауазымы)
20 ___ жылғы "____" ________
|
|
Жұмыс берушілерге шетелдік |
|
|
нысан |
Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат
|
Р/с № |
Тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санаттары |
Жұмыс беруші жұмыскерлерінің саны, адам |
Тартуға жоспар ланған шетелдік жұмыс күшінің саны, адам |
3-баған + 5-баған |
4-баған + 5-баған |
Шетелдік жұмыс күшінің жұмыскер лердің жалпы санына қатысты %, 7-баған/6-баған*100% |
|
|
Барлығы (шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыскерлер есепке алынбайды) |
оның ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күші |
||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
1 |
1 және 2- санаттар |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
3 және 4- санаттар |
|
|
|
|
|
|
|
3 |
БАРЛЫ ҒЫ |
|
|
|
|
|
|
Ескертпе: шетелдік жұмыскер 4-бағанда есепке алынған жағдайда ол 6-бағанда есепке алынбайды.
Жұмыс беруші: ________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы, күні)
|
|
Жұмыс берушілерге шетелдік |
|
|
нысан |
Басымды жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі шарттар
|
Р/с № |
Басымды жобаның атауы |
Тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санаттары |
Басымды жобада жұмыс істейтін қазақстандық азаматтардың % |
Басымды жобада жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің % |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. |
|
1-санаттағы |
|
|
|
2- санаттағы |
|
|
||
|
3- санаттағы |
|
|
||
|
|
|
4- санаттағы |
|
|
|
Келісілді: |
Келісілді: |
Келісілді: |
|
|
|
___________________ |
___________________ |
____________________ |
|
|
|
____________________ |
___________________ |
____________________ |
|
|
|
|
Жұмыс берушілерге шетелдік |
|||
|
|
нысан |
|||
Рұқсаттарды алу және ұзарту үшін қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат
|
Р/с № |
Тартылатын шетелдік жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты |
Жұмыс берушінің өтінішіне сәйкес тартылатын шетелдік жұмыскерлердің санаты, кәсібі (мамандығы) |
Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жүзеге асырылатын кәсіпті (мамандықты) және (немесе) олар үшін құрылатын жұмыс орындарының санын көрсете отырып, ерекше шарттардың атауы |
Ерекше шарттарды орындау мерзімі |
|
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
|
_______________________________________ |
|
|||||
|
|
Жұмыс берушілерге шетелдік |
|||||
|
|
нысан |
|||||
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат
|
Р/с № |
|
Жұмыс беруші жұмыскерлерінің саны, адам |
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартуға жоспарланған шетелдік жұмыс күшінің саны, адам |
3-баған + 5-баған |
4-баған + 6-баған |
Қазақстандық азаматтар қатарындағы жұмыскерлердің жалпы санына корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыс күшінің %, 8-баған/7-баған*100 % |
|
|
Барлы ғы |
оның ішінде: |
||||||
|
корпоративішілік ауыстыру шеңберінде рұқсаттар бойынша жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күші |
|||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
1 |
Менеджерлер |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
Мамандар |
|
|
|
|
|
|
|
3 |
БАРЛЫҒЫ |
|
|
|
|
|
|
Ескертпе: шетелдік жұмыскер 4-бағанда есепке алынған жағдайда ол 5-бағанда есепке алынбайды.
Жұмыс беруші:___________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы, күні)
|
|
Жұмыс берушілерге шетелдік |
|
|
нысан |
Қайда______________________________________
(ҚР ІІМ облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласының
аумақтық органының атауы)
кімнен____________________________________
(облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы қаласының жергілікті
атқарушы органының атауы)
Кері қайтарып алынған шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар туралы ақпарат
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының ___ -тармағына сәйкес
__________________________________________________________________________
(облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласының жергілікті атқарушы
органының атауы)
__________________________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы, шетелдік жұмыскердің деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
паспорттық деректері (нөмірі, берілген күні). Рұқсаттың нөмірі, рұқсат берілген күн,
рұқсат қолданысының аяқталу мерзімі) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты (тары)
кері қайтарып алынғанын хабарлаймыз.
___________________ ____________________ ___________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты)
|
|
Жұмыс берушілерге шетелдік |
|
|
нысан |
Ерекше шарттардың орындалуы және тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтер
_______________________________________________________________
(рұқсат беретін органның толық атауы)
____________________________________________________________
______________________________________________________________
_____________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
___________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
жұмыс күшінің саны _____________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Жұмыс беруші ____________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(ұйымның атауы , тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, күні, қолы)
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК