Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы АҚПАРАТ

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру.

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс - шараларды іске асыру Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы (бұдан әрі- Жоба) шеңберінде жүзеге асырылады.

Жалпы, жұмыспен қамту іс-шараларына 3 431 адам қатысты, оның ішінде 2 265 адам немесе 66%-ы ауылдық жердің тұрғындары болып табылады.

Жоба шеңберінде барлығы 3 431 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде дерекқордағы бос жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 946 адам жұмысқа орналастырылды.

2023 жылы кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне дағдыларды дамыту үшін жұмыс берушілердің өтінімдер бойынша және солардың жұмыс орнында 308 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберу жоспарланған. Қазіргі уақытта жұмысшы кадрларды кәсіптік оқытуға 2 адам жіберілді.

Еnbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн-оқытуға 236 адам жіберілді, оның 208-і сертификат алды.

Кәсіпкерлік негіздеріне 553 адам оқытылды.   

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау 1 694 қатысушыны жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді: әлеуметтік жұмыс орындарына 181 қатысушы (жоспарда - 228 адам), жастар тәжірибесіне 72  қатысушы (жоспарда - 976 адам), қоғамдық жұмыстарға 1280 қатысушы (жоспарда - 318 адам), «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 47 адам (жоспарда -318 адам), «Күміс жас» жобасына 1 адам (жоспарда - 16 адам) және «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 113 адам (жоспарда -210 адам) адам жіберілді.

Бұдан басқа, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 378,1 млн. теңге сомасына 274 грант беру жоспарлануда. Жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесуге 130 адамға несие беру үшін 650 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.

 

Коныс аудару

Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

2023 жылда «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын  ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.

Ұлттық жоба аясында сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Түркістан облыстарынан және Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан) қоныс аударушылардың 758 отбасын (2660 адам) қабылдау жоспарланған.

2023 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша 125 адам бар 44 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға көшуге арналған субсидия және тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидияларды төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Осы отбасылар келесі областардан көшіп келді: Астана қаласынан – 14 отбасы (41 адам),  Түркістан облысынан – 13 отбасы (34 адам),  Алматы облысынан  - 2 отбасы (4 адам), Шымкент қ. – 1 отбасы  (7 адам), Жамбыл облысынан  – 4 отбасы (7 адам), Қызылорда облысынан  – 3 отбасы (9 адам), Алматы қ. – 4 отбасы (12 адам), Маңғыстау облысынан  – 2 отбасы (8 адам)  және  Жетісу облысынан  - 1 отбасы (3 адам).

Келген 25 адамның арасынан 66 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың  ішінен: 36 адам тұрақты жұмыс орнына орналастырылды, 4 адам өз ісімен айналасады, 55 бала, 2 зейнеткер және 2 студент көшіп келді.

 

Қандастар бойынша

2023 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша жалпы саны 53 адаммен
35 этникалық қазақ отбасы келіп, соның ішінде елдер бойынша Ресейден – 28 отбасы (33 адам), Қытайдан – 5/16, Өзбекстан Республикасынан – 1/3 және Ираннан – 1 отбасы (6 адам) келді.

Қоныс аударған қандастардың қатарында еңбек жасындағылар 31 адам.

Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 6 отбасы (8 адам) енгізілді.

Квотаға енгізілген адамның арасынан: 6 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың ішінен: 1адам жұмысқа орналастырылды.

 

Кедейлік деңгейін төмендету

Тұтастай алғанда облыс бойынша 2023 жылғы 1 наурыздағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 3,7 мың адамды құрады.

2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мыналар:

- 888 отбасындағы 3891 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 53,7 млн. теңге сомасында тағайындалды.

- 177 отбасына 1,7 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі көрсетілді. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,6 %-ға немесе
1 отбасына аз (2022 жылғы 01.03. – 178 отбасы).  

1782 азаматқа 84,9 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,7%-ға немесе 952 адамға артты (2022 жылғы 01.03. – 830 адам).

                                                           

 

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау

Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан  8 әлеуметтік қамту орталығы және  мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.

20232 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедекке, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Бекітілген 2023 жылға арналған республикалық бюджетке сәйкес Әлеуметтік қызметтер порталы мен мемлекеттік сатып алулар арқылы:

401 мүгедектер арбасын алу жоспарланып, 84 кресло-арба сатып алынды;

435 сурдо-техникалық құрал, 88 құрал сатып алынды;

447  тифло-техникалық құрал сатып алу жоспарланып, 116 құрал сатып алынды;

2278  протездік-ортопедиялық құралын сатып алу жоспарланып, 218 құрал сатып алынды.

5 адамды кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Кеңейтілген тізбе бойынша 2004 іс-шара (протездік - ортопедиялық көмек, сурдо, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар бойынша қосымша құралдар)жоспарланып, 539  іс-шара орындалды.

773  адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып, 22 адам қамтамасыз етілді.

Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

         Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 451 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 506 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 289 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі және 217 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.

Дата публикации
07 марта 2023
Дата обновления
07 марта 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы