Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру.
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс - шараларды іске асыру Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы (бұдан әрі- Жоба) шеңберінде жүзеге асырылады.
Жалпы, жұмыспен қамту іс-шараларына 1 658 адам қатысты, оның ішінде 1 164 адам немесе 70%-ы ауылдық жердің тұрғындары болып табылады.
Жоба шеңберінде барлығы 1 521 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде дерекқордағы бос жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 448 адам жұмысқа орналастырылды.
2023 жылы дағдыларды дамыту үшін кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне жұмыс берушінің сұранысы бойынша және жұмыс орнында 308 адамнан тұратын қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама жоспарланған. Еңбек нарығында тезірек және сапалы жұмысқа орналасуды қамтамасыз ету үшін кәсіби біліктілікті тануға 46 бір реттік ваучер беру жоспарлануда.
Өз ісін ашуға жағдай жасау үшін 750 қатысушыны «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарлануда. Бұдан басқа, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 378,1 млн. теңге сомасына 274 грант беру жоспарлануда. Жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесуге 130 адамға несие беру үшін 650 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау 1 073 қатысушыны жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді: әлеуметтік жұмыс орындарына 108 қатысушы (жоспарда - 228 адам), жастар тәжірибесіне 47 қатысушы (жоспарда - 976 адам), қоғамдық жұмыстарға 873 қатысушы (жоспарда - 318 адам), «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 22 адам (жоспарда -318 адам), «Күміс жас» жобасына 1 адам (жоспарда - 16 адам) және «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 22 адам (жоспарда -210 адам) адам жіберілді.
Коңыстандырушылар бойынша
Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.
2023 жылда «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.
Ұлттық жоба аясында сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Манғыстау, Түркістан облыстарынан және Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан) қоныс аударушылардың 758 отбасын (2660 адам) қабылдау жоспарланған.
Оралмандар бойынша
2023 жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша жалпы саны 26 адаммен 21 этникалық қазақ отбасы келіп, қандас мәртебесін алды, соның ішінде елдер бойынша Ресейден – 20 отбасы (25 адам) және Ираннан – 1 отбасы (6 адам) келді.
Қоныс аударған оралмандардың қатарында еңбек жасындағылар 19 адам.
Ұлттық жоба аясында сәйкес ағымдағы жылы қандастарды қабылдау квотасы 46 отбасы 138 адамды енгізу жоспарланған.
Кедейлік деңгейін төмендету
Тұтастай алғанда облыс бойынша 2023 жылғы 1 ақпандағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 3,7 мың адамды құрады.
2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мыналар:
- 853 отбасындағы 3733 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 51,5 млн. теңге сомасында тағайындалды.
150 азаматқа 13,0 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 66%-ға немесе 99 адамға артты (2022 жылғы 01.02. – 51 адам).
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау
Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан 8 әлеуметтік қамту орталығы және мүгедектігі бар адамдарға сауықтыру орталығы жатады.
2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедектігі бар адамдарға, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Бекітілген 2023 жылға арналған республикалық бюджетке сәйкес Әлеуметтік қызметтер порталы мен мемлекеттік сатып алулар арқылы:
401 мүгедектер арбасын алу жоспарланып, 38 кресло-арба сатып алынды;
435 сурдо-техникалық құрал, 38 құрал сатып алынды;
447 тифло-техникалық құрал сатып алу жоспарланып, 39 құрал сатып алынды;
2278 протездік-ортопедиялық құралын сатып алу жоспарланып, 75 құрал сатып алынды.
5 адамды кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Кеңейтілген тізбе бойынша 2004 іс-шара (протездік - ортопедиялық көмек, сурдо, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар бойынша қосымша құралдар)жоспарланып, 191 іс-шара орындалды.
773 адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып, 6 адам қамтамасыз етілді.
Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
Ағымдағы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 152 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 361 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 194 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі және 167 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.