Меню

Страницы

Статья

2022 жыл бойынша халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы АҚПАРАТ

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру.

2022 жылы халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шаралар Кәсіпкерлікті дамытудың 2021 - 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы (бұдан әрі-жоба) шеңберінде жүзеге асырылды.

Жалпы, жұмыспен қамту іс-шараларына 18 469 адам қатысты, оның ішінде 13 186 адам немесе 71% ауыл тұрғындары болып табылады.

Жоба шеңберінде барлығы 14 757 қатысушыға жұмысқа орналастыру шаралары көрсетілді, оның ішінде деректер базасында бар бос жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 11 053 адам жұмысқа орналастырылды.

Кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне сай дағдыларды дамыту үшін өтінімдер бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға және жұмыс берушінің жұмыс орнынан үзбей оқыту үшін 325 адам жіберілді, 240 адам оқытуды аяқтады, 183 адам жұмысқа орналастырылды. Еnbek.kz платформасы бойынша онлайн-оқыту есебінен 836 адам оқуға кірісті, оның ішінде 766 адам сертификат алды.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1 738 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.

Жастардың және халықтың әлеуметтік осал топтарының жаңа бизнес идеяларын іске асыруға өз ісін ашуға жағдай жасау үшін 819,3 млн. теңге сомасына 688 грант берілді.

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру аясында кәсіпкерлерді қолдау әлеуметтік жұмыс орындарына 307 қатысушыны (жоспарда - 306 адам), жастар тәжірибесіне - 586 қатысушыны (жоспарда - 583 адам), қоғамдық жұмыстарға - 2708 қатысушыны (жоспарда – 2667 адам), «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобаларына – 228 адамды (жоспарда - 227 адам) жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.

Коныс аудару

Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

2022 жылда «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын  ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.

2022 жылы 2556 адам бар 682 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға көшуге арналған субсидия және тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидияларды төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Осы отбасылар келесі областардан көшіп келді: Астана қаласынан – 145 отбасы (477 адам), Түркістан облысынан – 217 отбасы (898 адам),  Алматы облысынан  - 71 отбасы (263 адам), Шымкент қ. – 89 отбасы  (339 адам), Жамбыл облысынан  – 52 отбасы (183 адам), Қызылорда облысынан  – 55 отбасы (189 адам), Алматы қ. – 29 отбасы (92 адам) және  Маңғыстау облысынан  – 24 отбасы (115 адам).

Келген 2556 адамның арасынан 1170 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың  ішінен: 687 адам тұрақты жұмыс орнына, 5 адам уақытша жұмыс орнына орналастырылды, 70 адам өз ісімен айналасады, 111 адамға грант берілді, 1 адам оқуға жіберілді.  1252 бала, 67 зейнеткер және 67 студент көшіп келді.

Қандастар бойынша

2022 жылы жалпы саны 217 адаммен 157 этникалық қазақ отбасы келіп, соның ішінде елдер бойынша Өзбекстан Республикасынан – 14/25, Ираннан – 4/13, Монғолиядан – 16/29, Ресей Федерациясынан – 111/129, Украинадан – 1/1, Қытайдан – 1/1, Туркменистаннан – 8/17, Тәджікістаннан – 1/1 және Қырғызстаннан – 1/1 келді.

Қоныс аударған қандастардың қатарында еңбек жасындағылар 118 адам.

Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 65 отбасы (129 адам) енгізілді.

Квотаға енгізілген адамның арасынан: 61 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың  ішінен: 39 адам жұмысқа орналастырылды,  5 адам өз ісімен айналасады.

Кедейлік деңгейін төмендету

Тұтастай алғанда облыс бойынша 2023 жылғы 1 қаңтардағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 8,9 мың адамды құрады.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мыналар:

- 2048 отбасындағы 8914 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 722,3 млн. теңге сомасында тағайындалды.

- 275 отбасына 5,0 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі көрсетілді. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,8 %-ға немесе                 128 отбасына аз (2022 жылғы 01.01. – 403 отбасы). 

17 461 азаматқа 644,2 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ  өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,3 %-ға немесе 2215 адамға аз (2022 жылғы 01.01 – 19676 адам).

 

 

                    Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау

Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан 8 әлеуметтік қамту орталығы және  мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедекке, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Бекітілген бюджетке сәйкес 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы:

424 мүгедектер арбасын алу жоспарланып, 432 кресло-арба сатып алынды;

479  сурдо-техникалық құрал,  490 құрал сатып алынды;

543 тифло-техникалық құрал сатып алу жоспарланып, 543 құрал сатып алынды;

1732  протездік-ортопедиялық құралын сатып алу жоспарланып, 1764 құрал сатып алынды.

18 адам кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз етілді.

Кеңейтілген тізбе бойынша 2558 іс-шара (протездік - ортопедиялық көмек, сурдо, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар бойынша қосымша құралдар)жоспарланып, 2767  іс-шара орындалды.

751 адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып, 740 адам қамтамасыз етілді.

Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

         2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1942 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 585 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 358 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі және 227 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.

Дата публикации
10 января 2023
Дата обновления
10 января 2023
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы