Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы АҚПАРАТ

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру.

Халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс - шараларды іске асыру Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы (бұдан әрі- Жоба) шеңберінде жүзеге асырылады.

Жалпы, жұмыспен қамту іс-шараларына 17 098 адам қатысты, оның ішінде 12 139 адам немесе 71%-ы ауыл тұрғындары болып табылады.

Жоба шеңберінде барлығы 13 687 қатысушыға жұмысқа орналастыру шаралары көрсетілді, оның ішінде деректер базасында бар бос жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 9 902 адам жұмысқа орналастырылды.

Кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне сәйкес дағдыларды дамыту үшін өтінімдер бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға және жұмыс берушінің жұмыс орынан үзбей оқытуға 325 адам жіберілді. 187 адам оқуды аяқтады, 150 адам жұмысқа орналастырылды. Enbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн-оқытуға 735 адам оқуға кірісті, оның ішінде 665 адам сертификат алды.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 1 663 адам оқытылды.

Жастардың және халықтың әлеуметтік осал топтарының жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін өз ісін ашуға жағдай жасау 817,8 млн. теңге сомасына 688 грант беру берілді.

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау әлеуметтік жұмыс орындарына 306 қатысушыны (жоспарда - 282 адам), жастар тәжірибесіне 585 қатысушыны (жоспарда - 476 адам), қоғамдық жұмыстарға 2668 қатысушыны (жоспарда - 2593 адам), «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары бойынша 226 адам (жоспарда -223 адам) жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.

 

Коныс аудару

Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.

2022 жылда «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.

Ұлттық жоба аясында сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Түркістан облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан) қоныс аударушылардың 727 отбасын (2556 адам) қабылдау жоспарланған.

2022 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2526 адам бар 671 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға көшуге арналған субсидия және тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидияларды төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Осы отбасылар келесі областардан көшіп келді: Астана қаласынан – 141 отбасы (468 адам), Түркістан облысынан – 216 отбасы (892 адам), Алматы облысынан - 70 отбасы (258 адам), Шымкент қ. – 84 отбасы (329 адам), Жамбыл облысынан – 52 отбасы (183 адам), Қызылорда облысынан – 55 отбасы (189 адам), Алматы қ. – 29 отбасы (92 адам) және Маңғыстау облысынан  – 24 отбасы (115 адам).

Келген 2526 адамның арасынан 1157 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың ішінен: 626 адам тұрақты жұмыс орнына, 5 адам уақытша жұмыс орнына орналастырылды, 43 адам өз ісімен айналасады, 111 адамға грант берілді, 1 адам оқуға жіберілді. 1240 бала, 62 зейнеткер және 67 студент көшіп келді.

Қандастар бойынша

2022 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жалпы саны 199 адаммен 141 этникалық қазақ отбасы келіп, соның ішінде елдер бойынша Өзбекстан Республикасынан – 14/25, Ираннан – 4/13, Монғолиядан – 15/28, Ресей Федерациясынан – 97/113, Украинадан – 1/1, Қытайдан – 1/1, Туркменистаннан – 8/17, Тәджікістаннан – 1/1 келді.

Қоныс аударған қандастардың қатарында еңбек жасындағылар 105 адам.

Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 60 отбасы (116 адам) енгізілді.

Квотаға енгізілген адамның арасынан: 56 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың  ішінен: 35 адам жұмысқа орналастырылды, 1 адам уақытша жұмыс орнына орналастырылды, 3 адам өз ісімен айналасады.

 

Кедейлік деңгейін төмендету

Тұтастай алғанда облыс бойынша 2022 жылғы 1 желтоқсандағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 8,5 мың адамды құрады.

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мыналар:

- 1849 отбасындағы 8001 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 509,1 млн. теңге сомасында тағайындалды.

- 270 отбасына 4,2 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі көрсетілді. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,9 %-ға немесе
145 отбасына аз (2021 жылғы 01.12. – 415 отбасы).  

15 020 азаматқа 549,5 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ  өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,2 %-ға немесе 4536 адамға аз (2021 жылғы 01.11 – 19292 адам).

                    Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау

Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан 8 әлеуметтік қамту орталығы және  мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедекке, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Бекітілген бюджетке сәйкес 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы:

426 мүгедектер арбасын алу жоспарланып, 409 кресло-арба сатып алынды;

479 сурдо-техникалық құрал, 470 құрал сатып алынды;

553 тифло-техникалық құрал сатып алу жоспарланып, 543 құрал сатып алынды;

1838 протездік-ортопедиялық құралын сатып алу жоспарланып, 1729 құрал сатып алынды.

18 адам кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз етілді.

Кеңейтілген тізбе бойынша 2570 іс-шара (протездік - ортопедиялық көмек, сурдо, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар бойынша қосымша құралдар)жоспарланып, 2538 іс-шара орындалды.

751  адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып, 720 адам қамтамасыз етілді.

Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

         Ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 1885 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 583 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 358 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі және 225 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.

Дата публикации
09 декабря 2022
Дата обновления
09 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы