Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру.
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс - шараларды іске асыру Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы (бұдан әрі- Жоба) шеңберінде жүзеге асырылады.
Жалпы, жұмыспен қамту іс-шараларына 16 267 адам қатысты, оның ішінде 11 484 адам немесе 71%-ы ауылдық жердің тұрғындары болып табылады.
Жоба шеңберінде барлығы 12 931 қатысушыға жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді, оның ішінде дерекқордағы бос жұмыс орындарына Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 9 307 адам жұмысқа орналастырылды.
Кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне сәйкес дағдыларды дамыту үшін 2022 жылы жұмыс берушілерден келіп түскен өтінімдер бойынша және жұмыс берушілердің жұмыс орнында 500 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберу жоспарланған. Қазіргі уақытта жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша 307 адам жұмысшы кадрларды кәсіптік оқытуға жіберілді. Enbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша оқытуға 731 адам жіберіліп, 664 адам аяқтады.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 1 130 адам оқытылды.
Жастардың және халықтың әлеуметтік осал топтарының жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін жеке ісін ашуға жағдай жасау мақсатында 819,1 млн. теңге сомасына 673 грант беру жоспарлануда. 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 810,4 млн.теңгеге 688 адамға гранттар берілді.
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау әлеуметтік жұмыс орындарына 302 қатысушы (жоспарда - 289 адам), жастар тәжірибесіне 566 қатысушы (жоспарда - 537 адам), қоғамдық жұмыстарға 2549 қатысушы (жоспарда - 2599 адам) жіберілді, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары бойынша 207 адам (жоспарда -214 адам) жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.
Коныс аудару
Облыста республиканың өзге облыстарынан азаматтарды көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру жұмысы жалғастырылуда.
2022 жылда «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жоба аясында азаматтардың ерікті түрде көшуіне жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар қарастырылған.
Ұлттық жоба аясында сәйкес ағымдағы жылы республиканың жұмыс күші мол өңірінен (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Түркістан облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан) қоныс аударушылардың 727 отбасын (2556 адам) қабылдау жоспарланған.
2022 жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша 2319 адам бар 623 отбасы көшіп келді, осы отбасылар қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді және оларға көшуге арналған субсидия және тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу жөніндегі шығындарын төлеуге арналған субсидияларды төлеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Осы отбасылар келесі областардан көшіп келді: Астана қаласынан – 130 отбасы (422 адам), Түркістан облысынан – 198 отбасы (807 адам), Алматы облысынан - 64 отбасы (238 адам), Шымкент қ. – 77 отбасы (288 адам), Жамбыл облысынан – 50 отбасы (181 адам), Қызылорда облысынан – 52отбасы (179 адам), Алматы қ. – 29 отбасы (92 адам) және Маңғыстау облысынан – 23 отбасы (112 адам).
Келген 2319 адамның арасынан 1074 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың ішінен: 581 адам тұрақты жұмыс орнына, 5 адам уақытша жұмыс орнына орналастырылды, 31 адам өз ісімен айналасады, 54 адамға грант берілді, 1 адам оқуға жіберілді, 1134 бала, 51 зейнеткер және 60 студент көшіп келді.
Қандастар бойынша
2022 жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша жалпы саны 167 адаммен 122 этникалық қазақ отбасы келіп, соның ішінде елдер бойынша Өзбекстан Республикасынан – 11/18, Ираннан – 4/13, Монғолиядан – 14/22, Ресей Федерациясынан –82/94, Украинадан – 1/1, Қытайдан – 1/1, Туркменистаннан – 8/17, Тәджікістаннан – 1/1 келді.
Қоныс аударған қандастардың қатарында еңбек жасындағылар 96 адам.
Қандастарды қабылдау өңірлік квотасына 60 отбасы (116 адам) енгізілді.
Квотаға енгізілген адамның арасынан: 56 адам еңбекке жарамды жастағы адамдар, олардың ішінен: 33 адам жұмысқа орналастырылды, 1 адам уақытша жұмыс орнына орналастырылды, 3 адам өз ісімен айналасады.
Кедейлік деңгейін төмендету
Тұтастай алғанда облыс бойынша 2022 жылғы 1 қарашадағы аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 8,5 мың адамды құрады.
2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мыналар:
- 1849 отбасындағы 8001 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 509,1 млн. теңге сомасында тағайындалды.
- 265 отбасына 3,9 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі көрсетілді. Облыс бойынша жыл басынан бері тұрғын үй көмегін алушы отбасыларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,9 %-ға немесе 113 отбасына аз (2021 жылғы 01.11. – 378 отбасы).
14 799 азаматқа 525,5 млн. теңге сомасында мереке күндеріне және атаулы күндерге, сондай-ақ өмірдің қиын жағдайында әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс бойынша ағымдағы жыл басынан бері әлеуметтік көмек алушылардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,3 %-ға немесе 4493 адамға аз (2021 жылғы 01.11 – 19292 адам).
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау
Халықты әлеуметтік қорғау саласына жататын ұйымдар жүйесінің мемлекеттік құрылымына 1,5 мыңнан астам азамат тұратын және бүгіндері жұмыс істеп жатқан 8 әлеуметтік қамту орталығы және мүгедектерді сауықтыру орталығы жатады.
2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша облыс аумағында 38 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді, олар 3,6 мыңнан астам қарт азамат пен мүгедекке, кемтар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан жоғары тұлғаға қызмет көрсетеді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыстың мүгедектігі бар адамдары (бұдан әрі - МБА) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Бекітілген бюджетке сәйкес 2022 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы:
389 мүгедектер арбасын алу жоспарланып, 379 кресло-арба сатып алынды;
430 сурдо-техникалық құрал, 428 құрал сатып алынды;
406 тифло-техникалық құрал сатып алу жоспарланып, 406 құрал сатып алынды;
2029 протездік-ортопедиялық құралын сатып алу жоспарланып, 1523 құрал сатып алынды.
18 адам кохлеарлық импланттарға арналған (Cochlear және Med-el сөйлеу процессорлары) сөйлеу процессорларын ауыстыру қызметімен қамтамасыз етілді.
Кеңейтілген тізбе бойынша 2395 іс-шара (протездік - ортопедиялық көмек, сурдо, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар бойынша қосымша құралдар)жоспарланып, 2234 іс-шара орындалды.
715 адамды санаторлық-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету жоспарланып, 644 адам қамтамасыз етілді.
Қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаты есебінен МБА міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.
Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 1722 МБА міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, 580 адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды, оның ішінде жүріп-тұруы қиын 1-топтағы 358 МБА-ға жеке көмекшілер қызметі және 222 есту кемістігі бар МБА-ға ымдау тілі мамандарының қызметі көрсетілді.