2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі күшіне енді, оның негізінде жаңа Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) бекітілді.
Осылайша, жаңа Үлгілік ереже «Еңбек мобильдігі орталығының үлгілік жарғысын, мансап орталығының үлгілік ережесін, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережені, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 322 бұйрығымен (бұдан әрі – №322 бұйрық) бекітілді.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған № 322 бұйрық негізінде «Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығының күші жойылды, өз кезегінде, онымен Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы алдыңғы үлгілік ереже бекітілген болатын.
Осылайша, Басқарма «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 307 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасын (бұдан әрі - Жоба) әзірледі.
Облыс әкімдігі қаулысының осы жобасы Басқарма ережесін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіреді.