Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 312 бұйрығымен облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші – қон процестерін реттеудің үлгілік қағидалары (бұдан
әрі-
Үлгілік қағидалар) бекітілді.

Осы Үлгілік қағидалар ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес қабылданды.

Осыған байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан
әрі-Басқарма
) «Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты шешімінің жобасын (бұдан әрі - Жоба) әзірледі.

Осы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты шешімінің жобасы Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіреді.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімінің жобасы
Дата публикации
19 октября 2023