Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 қыркүйекте № 4311 болып тіркелді.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-6-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
| Солтүстік Қазақстан | |||
| облыстық мәслихаттың | |||
| ХV сессиясының төрағасы | Е. Алпысов | ||
| Солтүстік Қазақстан | |||
| облыстық мәслихаттың | |||
| хатшысы | В. Бубенко | ||
| Солтүстік Қазақстан облыстық | |||
| мәслихаттың 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/7 шешімімен бекітілді | |||
Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1- тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 09.08.2021 № 6/2 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
адамның тұрғылықты жерді еркін таңдау, еңбек ету еркіндігін және қызмет түрі мен кәсібін өз қалауынша таңдауға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге;
кету және орын ауыстыру бостандығына;
шығу тегі, әлеуметтік және мүліктік жағдайы немесе өзге де мән-жайлар бойынша кемсітушілікке жол бермеуге негізделеді.
1) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;
2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;
3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 27.11.2018 № 26/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.08.2021 № 6/2 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
2-тарау. Көші-қон процестерін реттеу тәртібі
Облыстағы көші-қон процестерінің ерекшеліктеріне халықтың тығыздығы, көшіп келу, эмиграция, еңбек көші-қоны, ішкі көші-қон ағыны, урбандалу процесі, өңірдің экологиялық және діни жағдайы, халықтың ұлттық құрамы, өңірлік еңбек нарығының теңгерімділігі жатады.
қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірдің тиісті аумағын жатқызуға (алып тастауға);
шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);
қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.
Ескерту. 6- тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 09.08.2021 № 6/2 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. 7- тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 09.08.2021 № 6/2 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. 8- тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 09.08.2021 № 6/2 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК