Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/7 "Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 6/2 шешімі
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон процестерін реттеу қағидаларында көрсетілген шешіммен бекітілген:
1-тармақ жана редакцияда жазылсын:
"1. Осы Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысымен бекітілген Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ халықтың көші-қоны мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және келісімдерге сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысындағы (әрі қарай - облыс) көші-қон процестерін реттеудің үлгілік тәртібін айқындайды.";
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.";
6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"6. Өңірдегі көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:
қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірдің тиісті аумағын жатқызуға (алып тастауға);
шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);
қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.
| Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
В. Бубенко |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК