«БЕКІТІЛГЕН»
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының
2020 жылғы «17» қыркүйектегі
№ 222-НҚ бұйрығымен
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ
заң және кадр жұмысы бөлімі туралы ереже
Петропавл қ., 2020 жыл
1. Жалпы ережелері
1. Заң және кадр жұмысы бөлімі "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" КММ (бұдан әрі-Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Заң және кадр жұмысы бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының, оның ішінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі-Заң), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның актілеріне және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 15, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Заң және кадр жұмысы бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқарма басшысы бекітеді.
2. Заң және кадр жұмысы бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
4. Заң және кадр жұмысы бөлімінің негізгі міндеттері мен функциялары:
Міндеті: басқарма қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда белгіленген тәртіппен басқарма мүдделерін білдіреді;
2) заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда басқарма атынан оның құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер дайындайды;
3) шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған кезде ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз етеді;
4) заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда, басқарманың пайдасына қабылданбаған сот актісіне барлық сот сатыларында шағымдану бойынша уақтылы шаралар қабылдайды;
5) заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.
Міндеті: Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын қорыту.
Функциялары:
1) Басқармада құқықтық жалпы оқыту бойынша жұмыс жоспарын әзірлейді;
2) Басқармада құқықтық жалпы оқытуды, оның ішінде басқа мемлекеттік органдардың өкілдерін шақыра отырып, өткізуді ұйымдастырады.
Міндеті: құқықтық актілердің, шарттардың, сондай-ақ құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу.
Функциялары:
1) басқарманың бірінші басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды дайындайды;
2) құқықтық актілердің, шарттардың, сондай-ақ басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын оларды басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады.
Міндеті: персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру, басқарманың, ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелердің басшыларына техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің кадрлық іс қағаздарын жүргізу.
Функциялары:
1) басқармаға техникалық қызмет көрсетуді және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің, ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелер басшыларының, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша кадрларға қажеттілігін талдау және жоспарлау;
2) басқарманың техникалық қызмет көрсетуі мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлер кадрларының, ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелер басшыларының мониторингі және кадрлық іс жүргізу.
Міндеті: басқарманың техникалық қызмет көрсетуі мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің, ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелер басшыларының кадрлық іс қағаздарын жүргізудің тұтас жүйесі шеңберінде азаматтық қызметті өткеруін қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) басқарманың техникалық қызмет көрсетуі мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің, ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелер басшыларының кәсіби дамуын, оның ішінде тағылымдамалар, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жолымен қамтамасыз ету;
2) тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету ;
3) Азаматтық қызметке кіру, оны өткеру және тоқтату, қызметтік тергеу, аттестаттау және оқыту рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету;
4) кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, азаматтық қызметті өткеруге байланысты құжаттарды ресімдеу, Басқарманың, ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелер басшыларының техникалық қызмет көрсетуі мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру;
5) әскери-есептік жұмысты, басқарманың мемлекеттік қызметшілерін, басқарманың техникалық қызмет көрсетуі мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлерді, ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелер басшыларын әскери есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу
Міндеті: мемлекеттік органда корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту.
Функциялары:
1) мемлекеттік органда еңбек заңнамасының және Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын қамтамасыз ету;
2) басқарманың техникалық қызмет көрсетуі мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің, ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелер басшыларының әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, көтермелеулерді қолдану тәртібін әзірлеу.
5. Заң және кадр жұмысы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталатын кадрлық іс жүргізу бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.
6. Заң және кадр жұмысы бөліміне оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.
7. Құқықтары мен міндеттері:
1) ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметінде құқықтық жұмыс жағдайын және заңдылықтың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
2) Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінен, сондай-ақ ведомстволық бағынысты мекемелерден өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға;;
3) басқарма басшысының келісімімен құқықтық актілердің және басқа да құжаттардың жобаларын дайындау үшін, сондай-ақ жүктелген міндеттерге сәйкес бөлім өткізетін іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін тартуға;;
4) шығарылатын құжаттар бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына негізделген ескертулер мен ұсынымдар беруге; ;
5) жедел кеңестерге қатысу, басқарма басшысының өкімі бойынша тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде функционалдық міндеттерді орындау үшін іссапарларға шығу;
6) басқарма басшылығына басқарма қызметкерлерін әртүрлі инстанциялардағы соттарда басқарманың мүдделерін қозғайтын азаматтық істерді қарау кезінде сот отырыстарына қатысуға тарту үшін ұсыныстар жіберу.
7) мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен өзіне заңмен және осы Ережемен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.
Міндеттері:
1) бөлім басшысы және бөлімнің бас маманы бөлімге белгіленген мерзімде осы Ережемен жүктелген функциялардың орындалуына, еңбек және орындаушылық тәртіпті бұзғаны үшін жеке жауап береді.
2) бөлім маманы өзіне бекітілген жұмыс учаскелерінде бөлім басшысы мен басқарма басшысының тапсырмаларын толық, уақтылы және сапасыз орындағаны үшін және осы Ереже мен лауазымдық міндеттерге сәйкес орындалғаны үшін дербес жауапты болады.
3. Заң және кадр жұмысы бөлімінің қызметін ұйымдастыру
8. Заң және кадр жұмысы бөлімі заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
9. Заң және кадр жұмысы бөлімі мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдық жағынан дербес, мемлекеттік органның басшысына тікелей бағынады.
Заң және кадр жұмысы бөлімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
10. Заң және кадр жұмысы бөлімінің басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
11. Заң және кадр жұмысы бөлімінің басшысы мемлекеттік органның басшылығына Бөлімнің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
12. Осы мақсатта басшы:
1) заң және кадр жұмысы бөлімі маманының міндеттерін белгілейді;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заң және кадр жұмысы бөлімінің атынан басқарманың басқа бөлімдеріне жіберілетін құжаттарға Бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.
14. Басқа құрылымдық бөлімшелер әзірлеген құқықтық актілердің жобалары заң және кадр жұмысы бөлімімен алдын ала келісусіз басқа мемлекеттік органдарға келісуге жіберілмейді.
Заң және кадр жұмысы бөлімінің басшысы С. Жанғожинов