Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімі туралы ереже

«Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының 2020 жылғы

«17» қыркүйектегі  № 222-НҚ бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН

 

Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау

және қаржыландыру бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

Петропавл қаласы, 2020 ж.

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімі «Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  3. Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы перезидентінің және Үкіметінің заңдарын, актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  1. Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің негізгі мақсаттары, қызметтері, құқықтары және міндеттері
  2. Міндеті:

«Халықты әлеуметтік қорғау» саласының іс-шаралары бойынша орта мерзімдік кезеңге жоспарлы қаржылық көрсеткіштерді жасау және түзету енгізу.

Функциялары:
  1) «Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» 256-бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің бюджетітк бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу және енгізу;

  1. Міндеттер: «Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» 256-бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің тиісті қаржылық жылға арналған бюджет жобасын әзірлеу және қалыптастыру (бұдан әрі - 256 ББӘ);

Функциялары:
1) Ведомстволық бағынысты мекемелердің бюджеттік өтінімдердегі есеп-айрысуларын, штат кестесін, интернат-үйлерінде қамқорлықтағыларды ұстау нормативтерін тексеру және жиынтық есеп-айырысуларды дайындау;

2) Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы аппараты және әкімшілік-шаруашылық персоналы бойынша бюджеттік өтінімдер, штат кестесі түріндегі есе-айырысуларды дайындау;

3) Аудандық және Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, халықты жұмыспен қамту орталықтарының  256 ББӘ арқылы бөлінетін нысаналы трансферттер бойынша бюджеттік өтінімдердегі есеп-айырысуларын тексеру;

  1. Міндеттері: Бөлімнің құзыретіне кіретін ақпаратты және жинақтарды дайындау.

Функциялар:
1) Мемлекеттік мекемелерге жылдық, тоқсандық, айлық есеп-айырысуларды дайындау;

2) Ведомстволық бағынысты мекемелердің, аудандық және Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қаржылық есептіліктерін қабылдау, өңдеу және талдау жасау.

3) Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты мекемелер, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша қаржылық тәртіптің сақталуына талдау жүргізу;

4) Қорғаншылардың (ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелердің басшылары) қамқорлықтағылардың зейнетақы төлемдерін және жәрдемақыларын, медициналық-әлеуметтік мекемелердің пайдаланатын бюджеттен тыс қаражатын жұмсауына талдау жасау.

5) Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, халықты жұмыспен қамту орталықтары тарапынан қаржылық тәртіптің сақталуына мониторинг жүргізу.

6) Мемлекеттік органдардың бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сұрату хаттарына жауап дайындау;

7) Бөлімнің құзыреті шегінде мәліметтер мен ақпараттар дайындау үшін СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-әрекет жасасу.

  1. Міндеттері: Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен ведомстволық бағынысты мекемелермен, мемлекеттік өзге де органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-әрекет жасасу;

Функциялар:
1) Ведомстволық бағынысты мекемелерге, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, халықты жұмыспен қамту орталықтарына бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша практикалық, әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;

2) Ведомстволық бағынысты мекемелердің, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, халықты жұмыспен қамту орталықтарының басшыларымен және мамандарымен бюджеттік жоспарлау және қаржыландыру мәселелері бойынша семинар өткізу;

3) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша алқа қаулыларының жобаларын әзірлеу

4) Практикалық, әдістемелік көмек көрсету мақсатында ведомстволық бағынысты мекемелерге, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, халықты жұмыспен қамту орталықтарына бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, қаржыландыру, орындау, қолданыстағы заңнама нормаларының орындалуын бақылау мәселелері бойынша қызметтік іссапарларға бару

5) Бөлім құзыретінің шегінде қажетті ақпарат дайындау үшін сұрау салуларға (хаттарға) мәліметтер және ақпраттар, сондай-ақ мемлекеттік өзге де органдарға, жеке және заңды тұлғаларға алма-кезек сұрау салулар дайындау.

  1. Міндеттер: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен өзара іс-әрекет жасасуды жүзеге асыру

Функциялар:
1) Жылдық, тоқсандық және айлық есептерді, сондай-ақ министрліктің сұрату хаттары бойынша ақпараттар мен мәліметтер дайындау;

2) Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар бойынша бюджет жобаларын дайындау;

3) Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі органдарының қаржылық қызметін жүзеге асыру мәселелеріне қатысты өзге құжаттар бойынша жауаптар мен сұрау салуларды дайындау. 

6.Құқықтары мен  міндеттері:

Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің қызметкерлері мыналарға құқылы:

1) Ведомстволық бағынысты мекемелерден, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінен, халықты жұмыспен қамту орталықтарынан, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының құрылымдық бөлімшелерінен  бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің лауазымдық міндеттерін, мақсаттарын және міндететрін орындау үшін қажетті материалдар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;

2) Ведомстволық бағынысты мекемелерге, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне заңнама бұзушылықтары айқындалған жағдайда оларды жою жөнінде талаптар қоюға;

3) ) Ведомстволық бағынысты мекемелердің, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жоспарлау және қаржыландыру жөніндегі мәселелер жөніндегі іс-шараларын өз құзыреті шегінде қарауға қатысуға;

4) Бюджет қаражаты есебінен қайта даярлауға (қайта біліктіліктіруге) және біліктілігін арттыруға;

3. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру

7. Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімі оның негізгі міндеттері және қызметтерін іске асыру үшін Қазақстан Республиксы Президентінің актілері, заңнамалық актілерге, өзге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қажет өкілеттікке ие.

8. Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалып және лауазымынан босатылатын бөлім басшысы басқарады.

9. Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімі басшысының орынбасары (орынбасарлары) жоқ.

10. Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылық жүргізеді және бөлімге жүктелген міндеттерінің орындалуына және қызметтерінің жүзеге асырылуына дербес жауапты.

11. Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің басшысы бөлімнің құрылымы және штат кестесі бойынша басқарма басшысына ұсыныстар береді.

12. Басшы осы мақсатта:

1) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімі мамандарының міндеттеріна йқындайды;

2) Қазақстан Республиксы Президентінің заңдарына және актілеріне,  өзге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

13. Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің атынан бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімдерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ол болмаған жағдайда- оын алмастыратын бөлім маманы қол қояды.

Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің басшысы Т.Береская                

Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімі туралы ереже
Дата публикации
25 июня 2021