«БЕКІТІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы басшысының 2020 жылғы
«17» қыркүйектегі № 222-НҚ бұйрығымен
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қастуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ ақпараттық-талдау бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
Петропавл қ., 2020 жыл
1. Жалпы ережелері
2. Ақпараттық - талдау бөлімінің негізгі міндеттері,
фунциялары, құқығы және жауапкершілігі
Міндеті: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларын және Басқарма құзыретіне жататын басқа да құжаттарды орындау бойынша жұмысты үйлестіру және талдау материалдарын дайындау.
Функциялары:
1) ҚР Президентінің, Үкіметінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің актілері бойынша облыс әкімі тапсырмаларының, облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалу мерзімдерін бақылау. Олардың орындалуы бойынша ақпарат дайындау;
2) басқарма қызметінің негізгі бағыттары бойынша жиынтық талдамалық ақпаратты, материалдарды дайындау;
3) Басқарма қызметінің бағыттары бойынша ақпараттық-талдау бюллетеньдерін дайындау;
4) Басқарма жұмысының ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу;
5) "Халықты әлеуметтік қорғау" бөлімінің рейтингтік бағалау мәліметтерін талдау және аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмыс мониторингі;
6) кіріс және шығыс хат-хабарларын электрондық құжат айналымының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркеу.
Міндеті: басқарма кеңестерін, алқаларын өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Функциялары:
1) басқарма кеңестерін, алқаларын өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру
2) Материалдарды дайындау, отырыстардың хаттамаларын ресімдеу;
3) алқа отырыстарында, жұмыс кеңестерінде берілген тапсырмалардың орындалуына мониторинг жүргізу.
Міндеті: мемлекеттік тілді енгізу және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру.
Функциялары:
1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу бойынша автоматтандырылған ақпараттық жүйені жүргізу.;
2) өтініштерді есепке алу бойынша салыстыру актілерін дайындау;
3) басқарма басшысының және оның орынбасарларының жеке қабылдауына азаматтарды жазу.
Міндет: бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл
Функциялары:
1) басқарманың медиа-жоспарын әзірлеу;
2) БАҚ-қа орналастыру үшін материалдар дайындау және олардың орындалуын бақылау.
Міндеті: әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша бағдарламалық кешендермен жұмысты ұйымдастыру.
Функциялары:
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген ақпараттық жүйелерді сүйемелдеуді жүзеге асыру: "еңбек нарығы" ААЖ, "жұмыс орындарын құру мониторингі" ААЖ, "Е-Халық" ААЖ, "Е-Собес" ААЖ, "Әлеуметтік қызметтер порталы" ААЖ, "шетелдік жұмыс күші" ААЖ, "Оралман" ААЖ, "Е-қызмет" ААЖ, "Мемлекеттік органдардың Интранет порталы".
- Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, жұмыспен қамту орталықтарына ақпараттық жүйелердегі жұмыс бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
Міндеті: ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру.
Функциялары:
- Басқарманың web-сайтына материалдар дайындау.
1) басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, кеңестер дайындау және өткізу, әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, консультация беру;
2) қызметтік іссапарларға шығуды жүзеге асыру.
Құқық:
1) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
2) бөлімнің негізгі қызметі мәселелері бойынша басқарма қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау;
3) бөлім жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша басқарма басшылығының қарауына ұсыныстар енгізу;
4) Басқарма басшылығының келісімі бойынша бөлім қызметінің саласына кіретін мәселелерді алқа қарауына шығару;
5) мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен өзіне заңмен және осы Ережемен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы.
6) аудандық (қалалық) бөлімдерден және халықты жұмыспен қамту орталықтарынан бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ақпарат сұратуға және алуға құқылы.
7) жедел кеңестерге қатысуға, басқарма басшысының өкімі бойынша тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде функционалдық міндеттерді орындау үшін іссапарларға шығуға.
8) қолданыстағы заңнамаға негізделген азаматтардың өтініштеріне түсініктемелер беру.
Міндеттері:
1) бөлім басшысы және бөлімнің бас мамандары бөлімге белгіленген мерзімде осы Ережемен жүктелген функциялардың орындалуына, еңбек және орындаушылық тәртіпті бұзғаны үшін жеке жауап береді.
2) бөлім мамандары жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін, бөлім басшысының және басқарма басшысының өздеріне бекітілген жұмыс учаскелерінде жүктелген және осы Ереже мен лауазымдық міндеттерге сәйкес орындалатын тапсырмаларын, тапсырмаларын толық, уақтылы және сапасыз орындағаны үшін дербес жауапты болады.
3. Ақпараттық - талдау бөлімінің қызметін ұйымдастыру
1) ақпараттық-талдау бөлімі мамандарының міндеттерін анықтайды;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы А.Рудаков