«Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты шешімінің жобасына баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 193 қаулысымен «Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысына өзгерістер енгізілді.

Өзгерістер бүкіл мәтін бойынша кездесетін «оралман», «оралмандарды» және «оралмандар» деген сөздерді «қандас», «қандастарды» және «қандастар» деген сөздермен ауыстыруды көздейді.

Аталған өзгерістер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 13 мамырдағы Заңы шеңберінде енгізілді.

Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-6-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты шешімінің жобасын (бұдан әрі - Жоба) әзірледі.

Аталған Жоба 2021 жылғы 31 мамырда мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында (https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ukzsp?lang=ru) және «Ашық нормативтік актілер» интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/) жарияланды.

Жобаны қабылдау мақсаты көші-қон процестерін реттеу саласындағы өңірлік маңызы бар нормативтік құқықтық актіні сәйкестікке келтіру болып табылады.

«Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты шешімінің жобасына баспасөз релизі
Дата публикации
31 мая 2021