«Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты шешімінің жобасына салыстырмалы кесте

№

Құрылымдық элемент

Бұрынғы редакция

Жаңа редакция

Негіздеме

1

Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларының 4-тармағының 3) тармақшасы

3) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы-Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандардың немесе оралмандардың және олардың отбасы мүшелерінің шекті саны

3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы-Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің шекті саны

«Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 193 қаулысына және «Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысына сәйкес

2

Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларының 6, 7 және 8-тармақтары

6. Өңірдегі көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға: оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірдің тиісті аумағын жатқызуға (алып тастауға);

шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқарту) ;

оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқарту) қатысты ұсыныстар енгізеді.

7. Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.

8. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынынан асып кеткен кезде көші-қон процестерін реттеу, оның ішінде білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, оралмандарды, әсіресе жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шараларды әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.

6. Өңірдегі көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:    қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірдің тиісті аумағын жатқызуға (алып тастауға);

шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқарту) ;

қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқарту) қатысты ұсыныстар енгізеді.

7. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.

8. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынынан асып кеткен кезде көші-қон процестерін реттеу, оның ішінде білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шараларды әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.

«Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 193 қаулысына және «Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысына сәйкес

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А. Қошманов

Сравнительная таблица к проекту решения Северо-Казахстанского областного маслихата «О внесении изменений в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 29 августа 2017 года № 15/7 «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Северо-Казахстанской области»
Дата публикации
31 мая 2021