ШЕШТІ:
Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон процестерін реттеу қағидаларында көрсетілген шешіммен бекітілген:
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы-Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.»;
6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«6. Өңірдегі көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:
қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірдің тиісті аумағын жатқызуға (алып тастауға);
шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқарту) ;
қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқарту) қатысты ұсыныстар енгізеді.
| Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат сессиясының төрағасы |
||
| Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |