Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес мұқтаж адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету субъектілерінде стационар, жартылай стационар, үйде күтім жасау және уақытша болу жағдайларында қызметтер көрсетіледі.
Облыстың әлеуметтік қорғау жүйесінде 8 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 5-уі психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған, біреуі мүгедек балалар үшін; 2-уі қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған; 1-уі тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедектігі бар балаларға арналған және Мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталығы бар.
Бұл Орталықтарда денсаулық жағдайы бойынша тұрақты күтім мен әлеуметтік қызметке мұқтаж қарттар мен мүгедектігі бар адамдар тұрады.
Жоғарыда аталған субъектілермен қатар, облыс орталығының аумағында орналасқан екі мекеменің жанынан психикалық кемістігі бар мүгедектігі бар балаларға арналған және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға арналған тәуліктің күндізгі уақытында болу бөлімшелері жұмыс істейді, бұл адамдардың осы санатына бір мезгілде отбасында тұруға және жартылай стационар жағдайында қызмет алуға мүмкіндік береді.
Мекемелер қызметінің негізгі бағыты қызмет алушылардың жеке қажеттіліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жеке даму, әлеуметтену және ықпалдану деңгейін арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету болып табылады.