
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомстволық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 2023 жылғы 18 қазанда "Ашық есік күні" акциясы өткізілді. Бұл күні Басқарманың қызметі туралы білгісі келетін кез келген азамат қызмет салалары бойынша сұрақтар қойып, сондай-ақ, тапсырыс берушілердің өкілдері шақырылды.
Басқарма басшысы Құсайын Жанар Поселкеқызы өзінің кіріспе сөзінде қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал көрсететін жағдайлар мен себептерді анықтауын талап етілу қажеттілігін атап өтті.
Басқарма бөлімдерінің басшылары қолданыстағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін атап өтті. Басқарманың 2022 жылғы 1 қыркүйегінен бастап 2023 жылғы 31 мамырға дейінгі кезеңінде ішкі талдау қорытындысы бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуда тоғыз сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталғанын және Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер бойынша уәкілетті органдарға ұсыныстар енгізілді. Мысал ретінде жобалау-сметалық құжаттамаға түзету жүргізу мерзімдері бөлігінде мемлекеттік сатып алу мен сәулет және қала құрылысы қызметі саласы туралы заңнаманың әртүрлі оқылымдары қаралды, қызмет көрсету саласында спорт клубтарының қызметтерін сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар.
Басқарма жеке және заңды тұлғалардан 51 өтінішті уақытылы, мерзімдерін бұзбай қарады, оның ішінде ұсыныстар -10, өтініштер-2, шағымдар-2, басқалары -37 (бұл сұраулар, жауаптар, хабарламалар).
Тұтастай алғанда, мемлекеттік органдар және жеке әрбір қызметкер мемлекеттік функцияларды орындай отырып, жұмыста бар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін білуі және оларды жою үшін барынша шаралар қабылдауы тиіс деп қорытындылады Жанар Поселкеқызы басқарма қызметкерлеріне сөйлеген сөзінде.