Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған шахмат және дойбы турнирі

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған шахмат және дойбы турнирі

2022 жылғы 4 қарашада Петропавл қ. шахмат – дойбы клубының базасында, СҚО әкімдігі мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлері арасында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған шахмат пен дойбыдан турнир өткізілді. Қарсыластарға қосымша уақытсыз 2 партиядан тұратын шағын матчқа 30 минут уақыт берілді.
Құрметті бірінші орынды тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Дәурен Жексенбайұлы Мәжитов жеңіп алды. Екінші орынды басқарма орынбасары Анджелика Борисовна Ганенко, ал үшінші орынды мемлекеттік сатып алу мониторингі және әкімшілендіру бөлімінің бас маманы-заңгері Самат Шаяхметұлы Сәдуақасов иеленді. Жеңімпаздар құрмет грамоталарымен және медальдармен марапатталды.